Permanent Mission of Kazakhstan to the United Nations

Permanent Mission of Kazakhstan to the United Nations Created for social networking and rising public awareness of Kazakhstan's activities in the United Nations

06/13/2026

🇰🇿🇺🇳 KZ

Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен бірге БҰҰ Жарғысына қол қойылған күннің мерейтойына арналған «UN80 Charter» құжатына символикалық қол қою рәсіміне қатысты.

Осы бастамаға қосылған алғашқы өңірлік топ ретінде Орталық Азия мемлекеттері БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, көпжақтылық пен халықаралық құқыққа бейілдігін қайта растады.

🇰🇿🇺🇳 EN

Today, Permanent Representative of Kazakhstan to the United Nations Kairat Umarov joined his colleagues from Central Asia in the symbolic signing of the UN80 Charter ahead of UN Charter Day.

As the first regional group to participate in this initiative, the countries of Central Asia reaffirmed their commitment to the purposes and principles of the UN Charter, multilateralism and international law.

🇰🇿🇺🇳 RU

Постоянный представитель Республики Казахстан при ООН Кайрат Умаров вместе со своими коллегами из стран Центральной Азии принял участие в символическом подписании «UN80 Charter», посвящённом годовщине подписания Устава ООН.

Став первой региональной группой, присоединившейся к этой инициативе, государства Центральной Азии вновь подтвердили свою приверженность целям и принципам Устава ООН, многосторонности и международному праву.

🇰🇿🇺🇳 KZМүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға (CRPD) қатысушы мемлекеттер конференциясының 19-сессиясы аясында БҰҰ М...
06/09/2026

🇰🇿🇺🇳 KZ

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға (CRPD) қатысушы мемлекеттер конференциясының 19-сессиясы аясында БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің тоғыз жаңа мүшесін сайлау рәсімі өтті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының үміткері Ләззат Қалтаева 157 мемлекеттің қолдауымен ең үздік көрсеткішке ие болып, 2027-2030 жылдарға арналған мерзімге Комитет мүшесі болып сайланды.

Сонымен қатар Комитет құрамына Армения, Бенин, Иордания, Қытай, Литва, Палау, Самоа және Эфиопия өкілдері сайланды.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1237866?lang=kk

🇰🇿🇺🇳 EN

During the 19th Session of the Conference of States Parties to the Convention on the Rights of Persons with Disabilities (CRPD), elections were held for nine new members of the Committee on the Rights of Persons with Disabilities.

Following the elections, Kazakhstan's candidate Ms. Lyazzat Kaltayeva received the highest number of votes, securing the support of 157 States, and was elected to serve on the Committee for the term 2027-2030.

Along with her, representatives of Armenia, Benin, China, Ethiopia, Jordan, Lithuania, Palau and Samoa were also elected to the Committee.

More details: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1237866?lang=en

🇰🇿🇺🇳 RU

В рамках 19-й сессии Конференции государств – участников Конвенции о правах инвалидов (CRPD) состоялись выборы девяти новых членов Комитета ООН по правам инвалидов.

По итогам голосования кандидат Республики Казахстан Ляззат Калтаева получила наибольшее число голосов, заручившись поддержкой 157 государств, и была избрана членом Комитета на период 2027-2030 годов.

Вместе с ней в состав Комитета были избраны представители Армении, Бенина, Иордании, Китая, Литвы, Палау, Самоа и Эфиопии.

Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1237866?lang=ru

🇰🇿🇺🇳 KZҚазақстан Республикасы Бразилия, Иордания, ҚХР, Франция, Оңтүстік Африкамен, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест Ко...
05/22/2026

🇰🇿🇺🇳 KZ

Қазақстан Республикасы Бразилия, Иордания, ҚХР, Франция, Оңтүстік Африкамен, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен (ХҚКК) бірлесіп, халықаралық гуманитарлық құқыққа (ХГҚ) саяси бейілділікті жандандыру жөніндегі Жаһандық бастаманы ілгерілетуді жалғастыруда.

2024 жылғы қыркүйекте алты мемлекет бастамашылық жасаған бұл жоба қарулы қақтығыстардың салдарын жеңілдету, бейбіт тұрғындардың зардап шегуін азайту және азаматтық инфрақұрылымды сақтау мақсатында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын құрметтеу, қорғау, сақтау және адал қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі шараларға серпін беруге арналған.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1226993?lang=kk

🇰🇿🇺🇳 EN

Kazakhstan, jointly with Brazil, China, France, Jordan, South Africa, and the International Committee of the Red Cross (ICRC), continues to promote the Global Initiative to revitalize political commitment to International Humanitarian Law (IHL).

The Initiative, launched by the six countries in September 2024, is designed to give momentum to measures aimed at ensuring respect for, protection of, compliance with, and good-faith application of international humanitarian law. Its ultimate goals are to mitigate the consequences of armed conflicts, reduce civilian suffering, and preserve civilian infrastructure.

More details: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1226993?lang=en

🇰🇿🇺🇳 RU

Казахстан совместно с Бразилией, Иорданией, КНР, Францией, Южной Африкой, а также Международным Комитетом Красного Креста (МККК), продолжает продвигать Глобальную инициативу по активизации политической приверженности международному гуманитарному праву (МГП).

Инициатива, запущенная шестью странами в сентябре 2024 года, призвана придать импульс мерам по обеспечению уважения, защиты, соблюдения и добросовестного применения норм международного гуманитарного права с целью смягчения последствий вооруженных конфликтов, уменьшения страданий мирных лиц и сохранения гражданской инфраструктуры.

Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1226993?lang=ru

🇰🇿🇮🇷 KZҚазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің Иран халқына гуманитарлық қолдау көрсету жөнінде берген ...
05/17/2026

🇰🇿🇮🇷 KZ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің Иран халқына гуманитарлық қолдау көрсету жөнінде берген тапсырмасына сәйкес KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі ҚР СІМ, ТЖМ, ДМ бірлесе отырып Иран Ислам Республикасына арналған гуманитарлық көмекті жеткізді.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1221843?lang=kk

🇰🇿🇮🇷 EN

In accordance with the instructions of the President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev to provide humanitarian assistance to the people of Iran, humanitarian aid was delivered to the Islamic Republic of Iran by the Kazakhstan Agency of International Development KazAID jointly with the Ministry of Foreign Affairs, the Ministry of Emergency Situations and the Ministry of Healthcare of the Republic of Kazakhstan.

More details: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1221843?lang=en

🇰🇿🇮🇷 RU

В соответствии поручением Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева по оказанию гуманитарной поддержки народу Ирана в Исламскую Республику Иран казахстанским агентством международного развития KazAID совместно с МИД, МЧС, МЗ РК была доставлена гуманитарная помощь.

Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1221843?lang=ru

May 16, 2026 –In accordance with the instructions of the President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev to provide humanitarian assistance to the people of Iran, humanitarian aid was delivered to the Islamic Republic of Iran by the Kazakhstan Agency of International Development....

🇰🇿🇺🇳 KZҚазақстан 2026 жылғы Ядролық қаруды таратпау туралы шартты Шолу конференциясында таратпау мәселелері жөніндегі ко...
05/17/2026

🇰🇿🇺🇳 KZ

Қазақстан 2026 жылғы Ядролық қаруды таратпау туралы шартты Шолу конференциясында таратпау мәселелері жөніндегі комитеттің жұмысына төрағалық етуде.

Конференцияның негізгі келіссөз бағыттарының бірі Атом энергиясы халықаралық агенттігінің (АЭХА) кепілдіктері, экспорттық бақылау және ядролық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ ЯҚТШ режимінің өңірлік аспектілерін қарайтын таратпау мәселелері жөніндегі Екінші бас комитеттің жұмысы болып қала береді. Комитет жұмысына Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров төрағалық етеді.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1221842?lang=kk

🇰🇿🇺🇳 EN

Kazakhstan Chairs the Work of the Non-Proliferation Committee at the 2026 NPT Review Conference.

One of the key negotiating tracks of the Conference remains the work of the Second Main Committee on non-proliferation issues, which addresses matters related to International Atomic Energy Agency safeguards, export controls, nuclear security, as well as regional aspects of the NPT regime. The work of the Committee is chaired by Kairat Umarov, Permanent Representative of the Republic of Kazakhstan to the United Nations.

More details: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1221842?lang=en

🇰🇿🇺🇳 RU

Казахстан возглавляет работу комитета по нераспространению на Обзорной конференции ДНЯО 2026 года.

Одним из ключевых переговорных треков Конференции остается работа Второго главного комитета по вопросам нераспространения, рассматривающего вопросы гарантий Международного агентства по атомной энергии (МАГАТЭ), экспортного контроля, ядерной безопасности, а также региональных аспектов режима ДНЯО. Работу комитета возглавляет Постоянный представитель Республики Казахстан при ООН Кайрат Умаров.

Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1221842?lang=ru

05/07/2026

🇰🇿🇺🇳 KZ

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың ЯҚТШ-қа қатысушы мемлекеттердің Шолу конференциясының жалпы саяси пікірталасы аясындағы жалпы дебаттарда ұлттық деңгейде сөйлеген сөзі

🇰🇿🇺🇳 EN

Statement by First Deputy Minister of Foreign Affairs of Kazakhstan Mr. Yerzhan Ashikbayev in his national capacity at the General Debate of the Review Conference of the States Parties to the NPT within the framework of the General Exchange of Views.

🇰🇿🇺🇳 RU

Выступление Первого заместителя министра иностранных дел РК Ержана Ашикбаева в национальном качестве на общих дебатах Обзорной конференции государств – участников ДНЯО в рамках общеполитической дискуссии.

05/07/2026

🇰🇿🇺🇳 KZ

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың ЯҚТШ-қа қатысушы мемлекеттердің Шолу конференциясының жалпы дебаттарында Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа (ОАЯҚАА) қатысушы мемлекеттер атынан сөйлеген сөзі.

🇰🇿🇺🇳 EN

Statement by First Deputy Minister of Foreign Affairs of Kazakhstan Mr. Yerzhan Ashikbayev at the General Debate of the Review Conference of the States Parties to the NPT on behalf of the States Parties to the Treaty on a Nuclear-Weapon-Free Zone in Central Asia (CANWFZ)

🇰🇿🇺🇳 RU

Выступление Первого заместителя министра иностранных дел РК Ержана Ашикбаева на общих дебатах Обзорной конференции государств-участников ДНЯО от имени государств-участников Договора о зоне, свободной от ядерного оружия, в Центральной Азии (ЦАЗСЯО).

🇰🇿🇺🇳 KZБіріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) штаб-пәтерінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы мемлекеттердің Ш...
04/28/2026

🇰🇿🇺🇳 KZ

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) штаб-пәтерінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы мемлекеттердің Шолу конференциясы өз жұмысын бастады. Бұл – ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы ең маңызды халықаралық келісімдердің бірі, ал оның Шолу конференциясы қазіргі таңда халықаралық шиеленістің өсуі, өңірлік қақтығыстар және қару-жарақты бақылау жүйесінің әлсіреуімен сипатталатын аса күрделі жағдайда өтуде.

Жалпы саяси пікірталас аясында ұлттық деңгейде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасының ЯҚТШ режимін нығайту және ядролық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған практикалық әрі шынайы шараларды ілгерілету жолын дәйекті түрде қолдап келе жатқанын атап өтті.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1210931?lang=kk

🇰🇿🇺🇳 EN

The Review Conference of the States Parties to the Treaty on the Non-Proliferation of Nuclear Weapons (NPT) commenced its work at the Headquarters of the United Nations. The NPT is the cornerstone treaty in the field of nuclear disarmament and non-proliferation, and its Review Conference is taking place in an exceptionally complex international environment characterized by rising tensions, regional conflicts, and the weakening of the arms control architecture.

Speaking in his national capacity during the General Debate, First Deputy Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Yerzhan Ashikbayev emphasized that Kazakhstan consistently advocates for strengthening the NPT regime and advancing practical and realistic measures to reduce nuclear risks.

More details: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1210931?lang=en

🇰🇿🇺🇳 RU

В штаб-квартире Организации Объединенных Наций (ООН) начала работу Обзорная конференция государств-участников Договора о нераспространении ядерного оружия (ДНЯО) – важнейшего договора в сфере ядерного разоружения и нераспространения, чья обзорная конференция проходит в крайне сложной международной обстановке, характеризующейся ростом напряжённости, региональных конфликтов и ослаблением системы контроля над вооружениями.

Выступая в национальном качестве в рамках общеполитической дискуссии, Первый заместитель министра иностранных дел Республики Казахстан Ержан Ашикбаев подчеркнул, что Республика Казахстан последовательно выступает за укрепление режима ДНЯО и продвижение практических и реалистичных мер по снижению ядерных рисков.

Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1210931?lang=ru

04/21/2026

Address

305 East 47th Street
New York, NY
10017

Opening Hours

Monday 9am - 6pm
Tuesday 9am - 6pm
Wednesday 9am - 6pm
Thursday 9am - 6pm
Friday 9am - 6pm

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Permanent Mission of Kazakhstan to the United Nations posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Permanent Mission of Kazakhstan to the United Nations:

Share