16/09/2024
Қазіргі таңда барлық мемлекеттер үшін тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету стратегиялық мәселе болып табылады. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тек атом энергетикасы арқылы қамтамасыз етуге болады. Өйткені дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бере алмайды. Бүгін Ақсай техникалық колледжі ұжымымен кездескен аудандық Халықтық штаб мүшелері елімізде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
«Қазіргі көптеген мемлекеттер мұнай мен көмір жағу арқылы электр қуатын өндіруде. Біздің елде де дәл солай. Дегенмен, өндірілген электр қуатының мөлшері сұранысты толық өтемейді. Сондықтан, әлемнің озық елдері атом энергиясын қолдану бұл мәселеге нүкте қойып отыр. Ғалымдардың электр қуатына сұраныс жыл сайын 3 пайызға артуда. АЭС салу арқылы біз өз қажеттіліктерімізді жабамыз деп отыр. Бүгінде көрші Ресей, Қытай, Франция мен Жапония, АҚШ елдері атом энергиясын кеңінен дамытуда», - деді пікір барысында аудандық штаб төрағасы Вероника Пермитина.
Жиын барысында штаб мүшелері әрбір сауалға тұщымды жауап берді.