27/09/2022
Облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлының төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті
Аппараттық кеңес барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы К.Мутаевтың мәліметіне сәйкес облыстың ауданы 18 893 661 га құрайды. Облыс бойынша ауыл шаруашылығына арналған жер 16 млн 964,682 мың га.
Сондай-ақ облыс аумағында күзгі далалық жұмыстар жүргізілуде. К.Мутаевтың мәліметінше, бүгінгі таңда 10,3 мың га арпа (99%), 48 га картоп (68%), 17,85 мың га бидай (85,8%) жиналды, 15,8 мың тонна (88,5%) бидай бастырылды. Егін жинау науқанына 45 комбайн, 56 жүк көлігі, 83 трактор және тіркемесі бар 54 трактор жұмылдырылды.
Под председательством акима области Ұлытау Б.Әбдіғалиұлы прошло очередное аппаратное совещание
В ходе аппаратного совещания были обсуждены актуальные вопросы, касающиеся использования земель сельскохозяйственного назначения.
По данным руководителя управления сельского хозяйства и земельных отношений К.Мутаева, площадь области составляет 18 893 661 га. Категория земель сельскохозяйственного назначения по области составляет 16 млн 964,682 тыс. га.
Также на территории области ведутся осенне-полевые работы. По данным К.Мутаева, на сегодняшний день убрано 10,3 тыс. га ячменя (99%), 48 га картофеля (68%), 17,85 тыс. га пшеницы (85,8%), намолочено пшеницы 15,8 тыс. тонн (88,5%). В уборочной кампании задействовано 45 комбайнов, 56 единиц грузового транспорта, 83 трактора и 54 трактора с прицепом.