17/07/2026
🎓 ЖАС МАМАН – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚАТАРЫНДА
🔹«Нархоз Университеті» КЕАҚ-ның «Құқықтану» білім беру бағдарламасын GPA көрсеткіші 3,45 деңгейінде аяқтаған түлек Калиева
Аяулым Оразалықызы «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқық жұмыстары жөніндегі бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
🔹Жас маманның мемлекеттік қызметке орналасуы – білім мен еңбектің нәтижесі әрі кәсіби дамуға жасалған маңызды қадам. Бұл мемлекеттік қызметтің білікті әрі білімді жастар үшін ашық екенін және олардың әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.
🔹Калиева Аяулым Оразалықызына жаңа қызметінде табыс, кәсіби жетістіктер мен жауапты қызметінде сәттілік тілейміз!