23/04/2026
Ұлттық кітап күні құтты болсын! 📚
Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтайды!
Кітап – білімнің сарқылмас қоры, рухани дамудың негізі. Кітап оқу арқылы ой-өрісіміз кеңейіп, кәсіби біліктілігіміз артады, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге жол ашылады.
Оқу мәдениетін қалыптастыру – әрбір саналы азаматтың міндеті. Осы орайда баршаңызды кітап оқуға, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосуға шақырамыз.
Кітап – ең сенімді дос, ең құнды қазына! ✨