Сарысу ауданы әкімдігі

Сарысу ауданы әкімдігі Баспасөз қызметі

05/06/2026
05/06/2026

АУДАН ӘКІМІ СӘКЕН МАМЫТОВ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

04/06/2026

АУДАНДА ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНДА МАГИСТРАЛЬДЫҚ КАНАЛДАРДЫ СОҒУ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Су тіршіліктің көзіАудандағы 10 ішкі каналды «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы шеңберінде каналдарды күрде...
04/06/2026

Су тіршіліктің көзі

Аудандағы 10 ішкі каналды «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы шеңберінде каналдарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды.
Жобалардың жалпы ұзындығы 59,4 км құрайды. Оның ішінде 29,3 км темірбетон науалармен (ЛР-10, ЛР-8), ал 30,1 км Г-блоктармен қаптау көзделген. Барлығы 109 бірлік гидротехникалық құрылыс нысандарын салу жоспарланған.
Қазіргі уақытта мердігерлер тарапынан арнайы құрылыс техникалар, инженерлік-техникалық қызметкерлер және жұмыс күші жұмылдырылған.
«Ынталы» су жүйесі бойынша – 1 кезекте Тасарық пен Сарыөзек каналы, 2 кезекте Байшахан, Өтес, Кедей каналдары, 3 кезекте Жаңа және Ескі Кәрітоған каналдары.
​«Бүркітті» су жүйесі бойынша – 1 кезекте Төменгі Бүркітті каналы, 2 кезекте Киров және Қызыл-Ту каналдары.
Бүгінгі күні жұмыстар «Тасарық» және «Төменгі Бүркітті» каналдарында басталған. Каналдар бойындағы қамыс пен бұталарды кесу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, канал жолдарының (трасса канала) горизантальді теңдіктері шығарылып, канал бойында бермаларды қалыптастыру жұмыстары жүргізілген. Г-тәріздес блоктар мен ЛР-10 науалары жеткізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған.
Әр әкімшілік аумақ бойынша шаруашылықтармен кездесулер өткізіліп, қай канал уақытша жабылатыны, қай каналмен қанша рет су берілетіні бойынша жиын өткізіліп, түсіндірілді. Құрылыс жұмыстары ауыл тұрғындарымен келісімделіп атқарылатын болады.

04/06/2026

КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ, ЖАНЫМА ҚУАТ БЕРЕДІ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ 🔰Ел Президенті үнемі жастардың дамуына, білім алуына және өзін-өзі жетілдіруіне жа...
04/06/2026

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

🔰Ел Президенті үнемі жастардың дамуына, білім алуына және өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау қажеттігін атап өтеді. Сол себепті мемлекет жастардың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынып келеді. Қазіргі таңда елімізде жас кәсіпкерлерді, ғалымдарды, өнертапқыштарды қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осы орайда бүгін Жаңатас қаласындағы Орталық саябақта «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» атты аудан әкімінің оқушылармен кездесуі өтті. Кездесуге ауданымыздағы көшбасшы жастар қатысты.

🔰Кездесу барысында аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы жастарға жылы лебізін арнап, болашақтың кілті - жастардың қолында екенін айтты: - Сіздер келешегіміздің кілті – білімді, бәсекеге қабілетті жастарсыздар.Осы кездесуде – жаңа ойлармен, тың идеялармен бөлісетін, болашағымызды бірге бағдарлайтын маңызды сәт. Біздің заманымыз – білім мен технологияның, жаңашылдық пен озық ойдың заманы. Кез келген елдің табысты болуы – оның жастарының біліміне, еңбексүйгіштігіне және жаңашылдығына байланысты. Сіздер – еліміздің болашағысыздар! Әрқайсыңыз өз ісіңізде үздік болып, туған жерлеріңізді, еліңізді көркейтуге үлес қосасыздар деп сенемін, - деген аудан басшысы жастарға қашан да белсенді болуға шақырды. Жастар өз кезегінде өнерлерін көрсетіп, кездесудің көркін кіргізді. Аудан әкімі Сәкен Мамытов өнерлі оқушыларға кәдесыйларды естелік ретінде тапсырды. Кездесу сұрақ жауаппен алмасып жастар аудан басшысына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ 🔰Рухты көтеріп, мызғымас бірлік пен бейбітшіліктің басты көрінісі - мемлекеттік рәміздердің елім...
04/06/2026

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

🔰Рухты көтеріп, мызғымас бірлік пен бейбітшіліктің басты көрінісі - мемлекеттік рәміздердің еліміз үшін маңыздылығы қашан да жоғары. Ұлттық құндылықтың ажырамас бөлігіне айналған Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз елдіктің ерен белгісі. Мемлекеттік мереке қатарында аса маңызды мейрам - Рәміздер күнінің кешенді аталып өтілуі маңызды екенін ұмытпау керек.

🔰Осы орайда, ауданда 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнінде орталық алаңда тұғырға үлкен Ту салтанатты жағдайда көтеріліп, аудан тұрғындарының, мекеме қызметкерлерінің қатысумен Әнұран шырқалды.

🔰Жиналған көпшілікке аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйледі. - Рәміздеріміз – Ту , Елтаңба және Гимн еліміздің дербестігін әлемге танытып қана қоймай, елдің өткені мен бүгінін жалғастырып, болашағымен сабақтастырады.
1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.
Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 34 жыл толып отыр.
Рәміздер қабылданған бұл күннің тарих бетінде алтын әріптермен қалатыны сөзсіз. Әнұранның орындалуы мен Көк байрақтың көтерілуі жастар бойындағы елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық сезімдерін нығайта түсетіндігіне біз сенімдіміз - деп жылы лебізін білдірді. Ауданымыздың әлеуметтік- экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

🔰Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындаған патриоттық әндері көрермендерге рух пен жігер сыйлады. Мерекелік шаралар легі ауылдық округтерде де жалғасын тауып, концерттік бағдарламалар қойылып, ауыл іші әсем әуен мен керемет күйге тұнды.

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді ұлттық құндылығымыздың айғағы - Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайм...
04/06/2026

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді ұлттық құндылығымыздың айғағы - Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік Рәміздер - елдің тұтастығын, дербестігі мен айбарын бейнелейін қастерлі құндылық. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді. Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 34 жыл толып отыр. Рәміздер қабылданған бұл күннің тарих бетінде алтын әріптермен қалатыны сөзсіз.

Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі. Елтаңба, Ту, Гимн қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады. Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Сондықтан, рәміздерді жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады.

Бүгінде, жастарымызға патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында ауданда да көптеген мәдени- көпшілік шаралар өткізілуде. Өткізілген барлық қоғамдық, саяси, мәдени және салтанатты шаралар мен спорттық жарыстар Мемлекеттік Гимнің орындалуымен ашылып, көк Тумыз көтеріліп, ел рәміздері ұлықталуда.

Әнұранның орындалуы мен Көк байрақтың көтерілуі жастар бойындағы елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық сезімдерін нығайта түсетіндігіне біз сенімдіміз.

Қадірлі ағайын!

Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.

Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі болып, Әнұранымыз асқақ шырқалсын!

Мереке құтты болсын!

Address

Жаңатас қаласы, Бейбітшілік №1
Zhanatas
080700

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Сарысу ауданы әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Сарысу ауданы әкімдігі:

Share