26/05/2026
2026 жылғы 25 мамырда Астанада Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Ясумаса Ииджима мырза мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Ваверния ханым Қазақстанға «Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі мәселесін шешу үшін су ресурстарын басқару әлеуетін нығайту жобасын (БҰҰДБ-мен ынтымақтастықта)» жүзеге асыруға 465 миллион иен көлемінде грант беру жөніндегі ынтымақтастық құжаттарына қол қойып, олармен алмасты.
Осы жобаның мақсаты – климаттың өзгеруі мен адам қызметінің салдарынан туындаған Каспий теңізіндегі су деңгейінің күрт төмендеуі мәселесін Каспий маңы мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ трансшекаралық деректер алмасу мен саяси диалог арқылы су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру жолымен шешу болып табылады. Сонымен қатар, жоба мониторинг мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы өңірдің экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
*****
25 мая 2026 года в Астане посол Японии господин Ясумаса Ииджима и Постоянный представитель ПРООН в Казахстане госпожа Катаржина Вавьерниа подписали и обменялись документами о сотрудничестве, касающимися предоставления Казахстану гранта в размере 465 миллионов иен на «Проект по укреплению потенциала управления водными ресурсами для решения проблемы снижения уровня Каспийского моря (в сотрудничестве с ПРООН)».
Целью данного проекта является решение проблемы резкого снижения уровня воды в Каспийском море, вызванного изменением климата и деятельностью человека, путем укрепления сотрудничества между прибрежными государствами Каспийского моря, а также повышения эффективности управления водными ресурсами через трансграничный обмен данными и политический диалог. Проект также направлен на повышение региональной экологической устойчивости за счет совершенствования возможностей мониторинга.
*****
2026年5月25日、アスタナ市において、飯島大使とヴァヴィエルニヤ UNDP カザフスタン代表との間で、供与額4.65 億円対カザフスタン無償資金協力「カスピ海の水位低下に対応するための水資源管理能力強化計画(UNDP 連携)」に関する協力文書の署名・交換が行われました。
本プロジェクトは、気候変動や人間活動等の影響によるカスピ海の深刻な水位低下に対応するため、国境を越えたデータ共有や政策対話を通じて、カスピ海沿岸国間の協力強化及び水資源管理能力の向上を図るものです。また、モニタリング能力の強化等を通じ、地域の環境レジリエンス向上を目指します。