08/04/2026
📌 ЖИ кен орындарының жасырын сырларын анықтауға көмектеседі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ұлттық геологиялық қызмет және Astana Hub-пен бірлесіп геология саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі жобаны практикалық тұрғыда іске асыру кезеңіне шығарды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.
Жоба бойынша архивтік деректерді машинамен оқитын форматқа көшіру үшін OCR технологиялары мен заманауи тілдік модельдер қолданылады.
Жоба EPAM Kazakhstan компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар технологиялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін отандық QazTech және AlemCloud платформалары да атсалысып отыр.
«Біздің мақсатымыз – жасанды интеллектті «геолог сияқты ойлауға» үйрете отырып, кен орындарының жасырын сырларын анықтауға қолдану», – деді Ж.Дүбірова.
ℹ️ Осы бастама аясында мамандар Data Science құралдары бойынша оқытылуда, құрылымдалған деректер базасы жасалып жатыр, сонымен қатар GIS-іріктеуден өткен құрылымдалған деректер базасы, интерактивті карта мен интеллектуалды чат-бот әзірленуде.
——————
📌 ИИ поможет выявлять скрытые закономерности месторождений
Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан совместно с Национальной геологической службой и Astana Hub перешло к стадии практической реализации проекта по внедрению технологий искусственного интеллекта в геологическую отрасль. Об этом сообщила вице-министр промышленности и строительства Жаннат Дубирова.
Проект осуществляется при участии EPAM Kazakhstan. Также задействованы отечественные платформы QazTech и AlemCloud для обеспечения технологической инфраструктуры.
В работе используются технологии OCR и современные языковые модели для перевода архивных данных в машиночитаемый формат.
«Наша цель - научить искусственный интеллект «думать как геолог» и выявлять скрытые паттерны месторождений», - отметила Жаннат Дубирова.
ℹ️ Кроме того, в рамках инициативы проводится обучение специалистов инструментам Data Science, создается структурированная база данных с ГИС-фильтрацией, интерактивная карта и интеллектуальный чат-бот.