Целиноград ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Целиноград ауданының әкімдігі, Government Organization, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, Tselinograd.

02/06/2026

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Целиноград ауданында ерекше қуаныш пен шаттыққа толы мереке ретінде аталып өтті.

Жаздың алғашқы шуақты күнінде Ақмол ауылының орталық алаңы балғындардың сыңғырлаған күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйіне бөленді. Мерекелік шарада Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Асқар Айтмұхамбетұлы Нұртазин бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, әр балаға бақытты балалық шақ, мықты денсаулық пен жарқын болашақ тіледі.

Сахна төрінде өнерлі балалар ән шырқап, би билеп, өздерінің таланты мен шығармашылығын паш етті. Түрлі-түсті шарлар мен әсем әуендер мерекенің сәнін келтіріп, ерекше көңіл күй сыйлады.

Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – көпбалалы аналардың салтанатты шеруі болды. Ана мейірімі мен отбасы құндылықтарын дәріптеген бұл көрініс көпшіліктің жүрегіне жылулық ұялатып, мерекеге ерекше мән берді.

Балалардың шат күлкісі мен қуанышқа толы жанарлары – еліміздің жарқын болашағының айқын көрінісі. Әр бала бақытты болсын, әр шаңырақта қуаныш пен береке орнасын!

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Целиноград ауданында ерекше күтімді қажет ететін балаларға мерекелік көңіл-күй ...
01/06/2026

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Целиноград ауданында ерекше күтімді қажет ететін балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлы балалардың үйлеріне барып, мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Балалардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш – бұл күннің ең басты сыйы болды.
Әрбір бала бақытты балалық шаққа лайық. Балалардың күлкісі әр шаңыраққа қуаныш, әр жүрекке мейірім сыйлай берсін!

Қадірлі Целиноград ауданының ардақты тұрғындары!Сіздерді барша мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Құрбан айт мерекес...
27/05/2026

Қадірлі Целиноград ауданының ардақты тұрғындары!

Сіздерді барша мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – жүректерге жылу сыйлап, адамзатты мейірім мен кешірімге, қайырымдылық пен жанашырлыққа бастайтын ұлы рухани құндылықтардың мерекесі. Бұл күндері әр шаңырақта береке орнап, ақ дастархан жайылып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, мұқтажға қол ұшын созу – халқымыздың асыл дәстүріне айналған игі амалдар жаңғыра түседі. Осындай ізгі істер қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтып, ортақ ынтымағымызды бекемдейді.

Осынау қасиетті мереке әр отбасыға шаттық пен береке, ырыс пен молшылық, ең бастысы – амандық пен тыныштық әкелсін. Жүректеріңіз мейірімге, шаңырақтарыңыз қуаныш пен жылулыққа толы болсын.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуі жалғаса берсін!
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Аудан әкімі Дарын Сабырғали

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадыЦелиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәс...
21/05/2026

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында Ақмол және Оразақ ауылдары тұрғындарының өтініштері қаралды. Көтерілген мәселелер экология, инфрақұрылымды дамыту, жолдардың жағдайы және өзге де өзекті тақырыптарға қатысты болды.

Атап айтқанда, тұрғындар келесі маңызды мәселелерді көтерді:
🔹 Ақмол ауылындағы құс фабрикасының қызметіне байланысты жағымсыз иісті азайту;
🔹 Оразақ ауылындағы жолға қиыршық тас төсеу және грейдерлеу жұмыстарын жүргізу;
🔹 Нұра өзені арнасының бір бөлігін санациялау жобасын іске асыру.

Аудан әкімі азаматтардың барлық өтініштерін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берді. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, белгіленген мерзімде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

📞 Маңызды: Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала келесі телефон нөмірі бойынша жазылуға болады:
👉 8 (71651) 30-509

Құрметті жерлестер! Қарулы күштердің қызметкерлері мен сала мамандары! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын ж...
07/05/2026

Құрметті жерлестер! Қарулы күштердің қызметкерлері мен сала мамандары!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – мемлекетіміздің егемендігі мен тыныштығын күзеткен айбынды ерлеріміздің, Отан алдындағы борышын адал атқарып жүрген азаматтарымыздың ортақ мерекесі. Бұл күн тек әскери қызметшілердің ғана емес, сонымен қатар еліміздің гүлденуіне үлес қосып, отбасының тірегі болып жүрген әрбір ер-азаматтың мерейлі сәті.

Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм – мемлекетіміздің басты құндылықтары. Бүгінгі ұрпақ – ата-бабаларымыздың ерлігін ұлықтап, ел іргесінің бүтіндігін сақтауды басты парыз санайды.

Осы айтулы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, бейбітшілік заманымыз мәңгі болсын!

Құрметпен,
Целиноград ауданының әкімі
Дарын Сабырғали

Целиноград ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні жоғары деңгейде аталып өтті🕊️ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі ...
30/04/2026

Целиноград ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні жоғары деңгейде аталып өтті

🕊️ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ақмол ауылындағы аудандық Мәдениет үйінің алаңында салтанатты іс-шара өтті.

Айтулы мерекеге жиналған аудан тұрғындары мен қонақтары еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің маңызын дәріптеп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Мерекелік жиында Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали тұрғындарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ол өз сөзінде этносаралық келісім мен татулықты сақтаудың маңызына тоқталып, ұлттық дәстүрлерді ұлықтаудың өскелең ұрпақ үшін орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғыс айтты.

Салтанатты шара аясында ерекше ұйымдастырылған ұлттық тағамдар көрмесі көпшіліктің назарын аударды. Қонақтар әртүрлі этностардың дәстүрлі тағамдарынан дәм татып, қазақтың ыстық бауырсақтары мен ұлттық тағамдарға толған мол дастарқанның сәнін тамашалады.

Мерекелік кеш ауданның шығармашылық ұжымдары дайындаған үлкен концерттік бағдарламамен жалғасты. Өнерпаздар елімізде мекен ететін түрлі ұлттар мен этностардың әсем әндерін шырқап, мың бұралған билерін көрермен назарына ұсынды. Думанды шара тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлап, бірлік пен достықтың рухын асқақтатты.

Азаматтарды жеке қабылдау: мәселелер мен шешімдер Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали бекітілген кестеге сәйкес т...
29/04/2026

Азаматтарды жеке қабылдау: мәселелер мен шешімдер

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кездесуге Қараөткел ауылы мен Ыбырай Алтынсарин ауылының тұрғындары жеке өтініштерін бойынша жүгінді

Қабылдау барысында көтерілген негізгі сұрақтар:
🔹 Инфрақұрылым және елді мекендерді абаттандыру;
🔹 Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары;
🔹 Жер қатынастары және жайылымдық алқаптарды пайдалану.

Әрбір мәселе бойынша салалық бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Барлық өтініштердің орындалуы әкімнің жеке бақылауына алынды. ✅

Бекітілген кестеге сәйкес, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.👥 Қабылдау барысында тұрғындардың тыныс-тір...
14/04/2026

Бекітілген кестеге сәйкес, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.

👥 Қабылдау барысында тұрғындардың тыныс-тіршілігіне қатысты өтініштері қаралды. Көтерілген негізгі мәселелер жолдардың жай-күйі мен инфрақұрылымды дамытуға қатысты болды.
Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, жауапты бөлімдерге жекелеген мәселелерді қосымша пысықтау және бақылауға алу тапсырылды.

✅ Азаматтарды жеке қабылдау — халықпен тиімді кері байланыс орнатудың маңызды құралы ретінде жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

📞 Қабылдауға жазылу телефоны: 8(716)51 30-509

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы аппараттық кеңес өткіздіБүгін Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұл...
13/04/2026

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы аппараттық кеңес өткізді

Бүгін Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлының төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиын барысында ауданның көктемгі дала жұмыстарына дайындығы, елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру мәселелері талқыланып, бірқатар кадрлық тағайындаулар таныстырылды.

Кеңес басында аудан басшысы республикалық референдумды ұйымдастыруға белсене атсалысқан азаматтарды атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бірқатар жерлестерімізге марапаттар табыс етті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы дайындық барысы қаралды. Биылғы жылы жаздық егіс алқабы 261,6 мың гектарды құрайды, оның ішінде дәнді және майлы дақылдар көлемі өткен жылмен салыстырғанда ұлғайтылған. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы 80%-ды құрап отыр, ал шаруаларға қажетті 3,6 мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны бөлініп, үлестірілуде. Сонымен қатар «Кең Дала-2» бағдарламасы аясында несие беру жұмыстары жалғасуда.

Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында 20 сәуір мен 22 мамыр аралығында ауданда тазалық пен көгалдандыру айлығы жарияланды. Аудан әкімі ауылдық округ басшыларына заңсыз қоқыс үйінділерін жоюды және тазалық талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік шараларды белсенді қолдануды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмыстар «Ғарыш Сапары» мониторингінің мәліметтері негізінде ерекше бақылауда болады.

Жиын соңында аудандағы кадрлық өзгерістер жарияланды. Аудан әкімінің өкімімен Айдос Нәкипұлы Тәңірбергенов аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ Рустам Мейрамұлы Жомартов инвестициялар тарту және туризмді дамыту бөлімінің басшысы, Динара Сәбитқызы Умарова жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, ал Мейіргүл Әлмұхаметқызы Әбубәкірова «Мансап орталығы» филиалының директоры болып тағайындалды. Аудан басшысы жаңадан тағайындалған қызметкерлерге жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруды тапсырып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында нәтижелі жұмыс күтетінін жеткізді.

Address

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34
Tselinograd
021800

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77165130102

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Целиноград ауданының әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Целиноград ауданының әкімдігі:

Share