29/05/2026
🌐 АСТАНАДА «ЕУРАЗИЯДАҒЫ ОРНЫҚТЫ ДАМУ» АТТЫ ІІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
29 мамыр күні Астанада БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарын іске асырудың аралық нәтижелері және 2030 жылдан кейінгі жаһандық күн тәртібін қалыптастыру мәселелері талқыланған «Еуразиядағы орнықты даму» атты екінші жоғары деңгейдегі халықаралық конференция өтті.
➡️Іс-шара мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, академиялық және сараптамалық қауымдастықтың, сондай-ақ БРИКС елдері мен олардың серіктестерінің, соның ішінде Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР, Индонезия, Қазақстан, Вьетнам, Малайзия және Таиланд өкілдерін біріктірді.
🔵Пленарлық отырысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жүргізіп, конференция қатысушыларына Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.
⏩Жолдауда форум мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және сараптамалық қауымдастық бірлесіп, өзекті жаһандық сын-қатерлерге қатысты практикалық шешімдер әзірлеуге бағытталған ашық халықаралық алаң ретінде ерекше маңызға ие екені атап өтілді. Сондай-ақ климаттың өзгеруі, су ресурстарының тапшылығы, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне айрықша назар аударылған.
«Бұл форум Еуразиядағы тұрақты даму тақырыбына арналғандықтан және мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен сараптамалық қауымдастықтың күш-жігерін біріктіріп, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлеріне қатысты шешімдер әзірлеуге бағытталғандықтан үлкен маңызға ие. Әлемдік қауымдастық ауқымды трансформация кезеңіне аяқ басты. Бұл үдерістің мазмұны мен сапалық сипаттары еуразиялық интеграция мәселелері бойынша жетекші сарапшылар тарапынан жан-жақты талдауды қажет етеді. Осы тұрғыда БҰҰ аясында іске асырылып жатқан орнықтыдаму парадигмасы халықаралық тұрақтылық пен прогрестің негізгі факторы болып қала береді», - делінген құттықтауда.
🔗 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1230334?lang=kk
🌐 В АСТАНЕ ПРОШЛА ІІ МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ВЫСОКОГО УРОВНЯ «УСТОЙЧИВОЕ РАЗВИТИЕ В ЕВРАЗИИ»
29 мая в Астане состоялась Вторая международная конференция высокого уровня «Устойчивое развитие в Евразии», посвященная обсуждению промежуточных итогов реализации Целей устойчивого развития ООН до 2030 года, а также формированию подходов к глобальной повестке после 2030 года.
➡️Мероприятие объединило представителей государственных органов, международных организаций, академического и экспертного сообщества, а также стран БРИКС и их партнеров, включая Россию, Индию, Китай, ЮАР, Индонезию, Казахстан, Вьетнам, Малайзию и Таиланд.
🔵Пленарное заседание модерировал министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек, который зачитал приветственное обращение Главы государства к участникам конференции.
✔️В обращении подчеркивается значимость форума как открытой международной площадки для консолидации усилий государств, международных организаций и экспертного сообщества в целях выработки практических решений актуальных глобальных вызовов. Особое внимание уделено вопросам изменения климата, дефицита водных ресурсов, цифровизации и внедрения технологий искусственного интеллекта.
«Данный форум имеет большое значение, поскольку посвящен актуальной теме устойчивого развития в Евразии и направлен на консолидацию усилий государств, международных организаций и экспертного сообщества для выработки решений современных вызовов. Мировое сообщество вступило в эпоху масштабной трансформации. Основное содержание и характеристики данной тенденции требуют всестороннего анализа со стороны ведущих экспертов по вопросам евразийской интеграции. На этом фоне парадигма устойчивого развития, реализуемая под эгидой Организации Объединенных Наций, остается ключевым фактором международной стабильности и прогресса», - отмечается в обращении.
🔗 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1230334?lang=ru