19/06/2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті аумақтық департаменттерінің республикалық меншік объектілерін сату бойынша www. gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аукцион өткізетіндігін хабарлайды.
Республикалық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бойынша
(Тараз қаласы, Әл-Фараби к-сі, 11 (5-шағын аудан) 3-бөлме)
Аукционның өткізілу күні мен уақыты: 2019 жылдың 21 маусымында Нұр-сұлтан қаласының уақыты
бойынша сағат 10.00-ден 17.00-дейін.
Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісімен аукционға қойылады:
Теңгерім ұстаушы -ҚР ҰЭМ СК «Жамбыл облысының статистика департаменті » РММ (Тараз қ., Сүлейменов к-сі, 18). Тел.8(7262) 45-65-16.
1. ВАЗ 21214 109 автокөлігі, 2008 ж.ш., мемлекеттік нөмірі 225AF08. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 438 800 теңге. Кепілдік жарнасы – 65 820 теңге.
Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісін қолдана отырып өткізу тәртібі:
1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі Қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;
2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады.
3)егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреу жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғарғы бағаға дейін жүргізіледі.
Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
Сауда-сатыққа қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді: Кепілдік жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; банк - «Қазақстан Халық банкі» АҚ; ИИК КZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX;БСН:050540004455; КНП: 171; Кбе:16 (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді).
Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi – ЖСН), тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi – БСН), толық атауын, бiрiншi басшының тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);
3) кепiлдi жарнаны қайтару үшiн екiншi деңгейдегi банктегi есеп айырысу шотының деректемелерiн;
4) байланыс деректерiн (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).
Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген кезде қатысушы бiр жұмыс күнi iшiнде Тiзiлiмнiң веб-порталына енгiзiлген деректердi өзгертедi.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және женімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi Тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.
Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;
2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін, не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Назар аударыныз! Жер учаскесінің қадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді.
Анықтама үшін телефон: 8(7262) 34-99-85 (факс).