Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Taraz
  • Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы №280 бұйрығымен «Мүгеде...
09/07/2026

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы №280 бұйрығымен «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлаймыз.

⸻«Заң мен тәртіп» қағидаты – қызметтік жауапкершілік пен қоғамдық сенімнің негізіБасқарма басшысының орынбасары Абдибеко...
19/06/2026



«Заң мен тәртіп» қағидаты – қызметтік жауапкершілік пен қоғамдық сенімнің негізі

Басқарма басшысының орынбасары Абдибекова Айтолқын төрағалығымен өткен жиында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызы кеңінен талқыланды. Басқосу барысында құқықтық мемлекет құрудағы бұл қағидаттың орны, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері сөз болды.
Жиын қорытындысында қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жалақының уақытылы төленуі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, жұмыс уақыты мен демалыс тәртібін қамтамасыз ету, әлеуметтік кепілдіктер беру, сондай-ақ жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек дауларын заң аясында шешу – басқарма қызметінің маңызды бағыттарының бірі екені айтылды.

МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕҚазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғ...
30/04/2026

МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы негізгі мақсат – азаматтардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту қызметтерінің сапасын арттыру, олардың қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету.

Осыған байланысты тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жоспарланған. Соның ішінде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатын техникалық оңалту құралдары мен қызметтердің құнын өтеуге арналған кепілдендірілген соманы есептеу әдістемесі қайта қаралуда.

Бұған дейін кепілдендірілген сома бірнеше ақпарат көзі негізінде анықталса, жаңа тәсіл бойынша ол әлеуметтік қызметтер порталы мен электрондық сауда алаңдарының нақты нарықтық деректері арқылы есептелетін болады. Бұл үшін мемлекеттік цифрлық жүйелермен интеграция жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта кепілдендірілген сома адам араласуынсыз автоматты түрде қалыптастырылып, ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.

Жаңашылдықтардың негізгі нәтижелері ретінде техникалық оңалту құралдарының құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыру, адам факторын азайту, әділ баға белгілеу және бюджет қаражатын тиімді пайдалану көзделіп отыр. Үнемделген қаражат заманауи, технологиялық әрі сапалы оңалту құралдарын енгізуге бағытталмақ.

Сонымен қатар, Әлеуметтік қызметтер порталындағы қызмет көрсету сапасын арттыру, көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін күшейту бойынша да жүйелі жұмыстар қолға алынған. Өнім берушілердің жұмысын жетілдіру, порталдағы қызмет көрсету тәртібін реттеу және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мәселелері басты назарда.

Портал арқылы қызмет көрсету барысында заң талаптарын сақтау, азаматтарға сапалы әрі уақтылы қызмет ұсыну – барлық өнім берушілер мен мердігерлердің негізгі міндеті. Осыған байланысты барлық тараптардан жауапкершілікпен жұмыс жүргізу, азаматтардың өтініштеріне мұқият қарау және белгіленген талаптарды сақтау сұралады.

Қабылданып жатқан өзгерістер мен жаңартулар жөніндегі ресми ақпараттар тұрақты түрде жарияланып отырады.

▫️Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқ...
27/02/2026

▫️Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлаймыз.

Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады.

Әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.

***

Распространяемая в мессенджерах и социальных сетях информация о назначении в 2026 году единовременной выплаты в размере 432 500 тенге семьям с доходом ниже 232 тыс. тенге, а также лицам с определёнными заболеваниями, не соответствует действительности.

Сообщаем, что подобная социальная выплата действующим законодательством не предусмотрена.

Обращаем внимание, что подобные рассылки нередко используются мошенниками с целью получения доступа к персональным данным граждан.

Официальные сведения о мерах государственной поддержки направляются исключительно посредством SMS-сообщений с номера 1414, а также публикуются на официальных интернет-ресурсах государственных органов.

Напоминаем, что распространение заведомо ложной информации влечёт ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

▫️Әлеуметтік желілерде және жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында өтініш берген барлық азаматтарға әлеуметтік көмек а...
23/02/2026

▫️Әлеуметтік желілерде және жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында өтініш берген барлық азаматтарға әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады деген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтің таралуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төмендегіні хабарлайды.

Әлеуметтік көмек – мемлекеттің атаулы қолдау шарасы және белгіленген мұқтаждық критерийлеріне сәйкес келетін, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ғана көрсетіледі.

Көмек тағайындау қолданыстағы заңнамада және мәслихаттардың шешімдерінде айқындалған негіздер бойынша жүзеге асырылады, белгіленген талаптарға сәйкестігі құжат жүзінде расталған жағдайда ғана мүмкін болады.

eGov порталы арқылы өтініш беру – әлеуметтік көмекке жүгінудің бір тәсілі ғана және оның автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді.

Көмек алушы санаттардың тізбесі, көмекті көрсету шарттары және қажетті құжаттар тізімі әр өңірде мәслихаттар тарапынан жеке-жеке бекітіледі және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

Барлық түскен өтініштер жергілікті атқарушы органдарда белгіленген тәртіппен қаралады.

Азаматтарды ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырамыз.

Жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

***

В связи с распространением в социальных сетях и отдельных СМИ недостоверной информации о якобы автоматическом назначении социальной помощи всем гражданам, подавшим заявку, Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сообщает следующее.

Социальная помощь является адресной мерой государственной поддержки и предоставляется исключительно гражданам, находящимся в трудной жизненной ситуации, при условии соответствия установленным критериям нуждаемости.

Назначение помощи осуществляется на основаниях, определённых действующим законодательством и решениями маслихатов, и возможно только при документальном подтверждении соответствия установленным требованиям.

Подача заявления через портал eGov является лишь способом обращения за социальной помощью и не гарантирует её автоматического назначения.

Перечень категорий получателей, условия предоставления помощи и список необходимых

Жамбыл облысы әлеуметтік сала қызметкерлері республикалық марапатқа ие болды2025 жылғы 24 қазанда Астана қаласында өткен...
28/10/2025

Жамбыл облысы әлеуметтік сала қызметкерлері республикалық марапатқа ие болды

2025 жылғы 24 қазанда Астана қаласында өткен «Әлеуметтік вектор: кәсібилік, құрмет, цифрлық болашақ» халықаралық форумы аясында әлеуметтік сала ардагерлері мен қызметкерлерін, сондай-ақ «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Форум барысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов елдің әлеуметтік саласының дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлері мен сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады.

Олардың қатарында Жамбыл облысының өкілі Болат Үсембаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған республикалық «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» байқауында Жамбыл облысы «Нақты көмек» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шолпан Ахметова «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, әлеуметтік салада ұзақ жылдар бойы адал қызмет етіп, өңірдің әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар жамбылдық мамандар да марапатқа ие болды.
Атап айтқанда, Байқазақова Ботагөз, басқарманың бас маманы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Аппарат басшысының «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, Гүлсін Шынтаева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың Құрмет грамотасымен, ал Мақпал Сегізбаева министрдің Алғыс хатымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары мен марапат иелеріне естелік мүсіндер мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған марапаттау рәсімдері аталған мамандардың азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, әділ әрі инклюзивті Қазақстанды қалыптастыруға қосқан баға жетпес үлесін мемлекет пен қоғам тарапынан жоғары мойындаудың жарқын көрінісі болды.

Address

Taraz
080012

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00

Telephone

+77262453767

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы:

Shortcuts

Share