20/10/2023
with .repost
・・・
Бүгін облысымыздағы бірқатар белсенді жастармен кездестім.
Еркін форматта өткен кездесуде ашық әңгімелесіп, өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқыладық.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үлкен үміт артып отыр. Ел болашағы-жастардың қолында. Жастар саясатын дамыту жөніндегі жұмыстар әрдайым облыс басшылығының назарында болуы тиіс.
Бүгінде еліміздің өңірлері арасында дарынды жастардың бәсекелесі қызу қарқын алуда.
Басты міндеттердің бірі - жас жамбылдықтардың өңірімізде тұрақтауы үшін нақты шаралар қабылдау. Қазіргі кезде облыста сапалы білім беру, салауатты өмір салтын ұстану, жұмысқа орналастыру және кәсібилікті дамыту үшін жан-жақты шаралар қолға алынуда. Бұл тұрғыда барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, тиімді әлеуметтік сатыны белгілеу қажет. Осы орайда алғашқы нақты қадамдар жасалуда.
Денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларындағы басшылардың облыстық кадрлық резерві құрылатын болады.
Алдағы уақытта біз жаңа жұмыс орындарын құруға жұмыла әрекет етіп, жан-жақты жұмыс істеуіміз керек.
Тойхана, кафе және басқа да осындай көңіл көтеру нысандарының орнына жамбылдық кәсіпкерлерді шағын және орта өндірістік кәсіпорындар ашуға шақырудамыз. Бұл жас мамандарды жұмысқа орналастыруға үлкен мүмкіндік береді.
Облыста жастардың саны 354 мыңнан асады десек, бұл облыс халқының 29,1 пайызын құрайды. Жастардың шамамен 60 пайызы ауылда тұрады. Ауылдық елді мекендерді дамытуға, дарынды жастарға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жастармен жиі кездесуге дайынмын. Жақын болашақта өңір халқының өмір сүру сапасы жастардың өмірлік ұстанымына байланысты болары сөзсіз. Сондықтан, олар ұсынған барлық пайдалы және маңызды жобаларды барынша қолдайтын боламыз.
…
Сегодня встретился с молодежью нашей области. Состоялся открытый и откровенный разговор «без галстуков». Обсудили актуальные проблемы и пути их решения.
Именно на молодых казахстанцев Глава государства Касым-Жомарт Токаев возлагает большие надежды. Будущее страны - в их руках. Работа по развитию молодежной политики всегда должна подкрепляться со стороны руководства области реальной поддержкой и конкретными делами.
Между регионами нашей страны идет острая конкуренция за талантливую молодежь - основной двигатель прогресса. Одна из главных задач — принять меры, чтобы молодые жамбылцы не уезжали из региона, а область стала привлекательней для получения качественных знаний, ведения здорового образа жизни, трудоустройства и профессионального роста. А для этого надо устранить все коррупционные риски, установить эффективные социальные лифты. Первые шаги в этом направлении уже есть. Создается областной кадровый резерв руководителей в сферах здравоохранения, образования, спорта.
Далее надо общие усилия направить на создание новых рабочих мест. Вместо ресторанов, кафе и других таких заведений я призываю жамбылских предпринимателей открывать мелкие и средние производственные предприятия. Это станет большим подспорьем в трудоустройстве молодых специалистов.
В области проживают более 354 тысяч молодых людей, что составляет 29,1 процента населения области. Около 60% молодых людей проживает на селе. Развитию сельских населенных пунктов, созданию условий для талантливой молодежи будет уделяться особое внимание.
Я готов чаще встречаться с молодёжью, которая является движущей силой общества. От жизненной позиции молодых людей во многом будет зависеть качество жизни населения региона в ближайшем будущем. Поэтому, все полезные и обоснованные проекты, предложенные ими, всегда будут получать нашу поддержку.