20/05/2026
✨ Кітапхана қорының дамуына кәсіби қаржыгер, Enactus Kazakhstan Директорлар кеңесінің мүшесі, Reading Club жобасының негізін қалаушы, меценат Азамат Утенов зор үлес қосты.
XIII «Академиялық кітапханаларды дамытудағы заманауи трендтер» халықаралық конференциясы аясында университет кітапханасына 77 атаудан тұратын 98 дана кітап сыйға тартылды. Олардың қатарында көркем әдебиеттермен қатар, өзін-өзі дамыту, тұлғалық өсу және мотивация бағытындағы басылымдар бар.
🤝 Азамат Серікқанұлымен ынтымақтастық көп жылдан бері жалғасып келеді. Бұған дейін университеттің кітапхана қорына 511 атаудағы 1021 дана кітап сыйға берілген болатын.
📖 Сыйға тартылған әдебиеттер студенттер, магистранттар, докторанттар мен университет оқытушылары үшін ерекше орын алады. Олар оқу мәдениетін дамытуға, жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Кітапханалық-ақпараттық орталық ұжымы Азамат Серікқанұлына университет кітапханасын қолдағаны, кітап қорын дамытуға қосқан үлесі және жастар арасында кітап пен оқу мәдениетін насихаттаудағы еңбегі үшін шынайы алғысын білдіреді.
#ОқуМәдениеті #Кітап #Тараз #Білім #Студенттер #КітапханалықАқпараттықОрталық