29/05/2026
Сотпен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді
◾️ Жамбыл аудандық сотында «Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституцияның негізгі жаңалықтарын түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
◾️ Іс-шараға сот төрағасы мен судьялары, ауданның әкім аппаратының, прокуратураның, полиция бөлімінің, Мемлекеттік кірістер басқармасының және адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.
◾️ Іс-шараны аша отырып, сот төрағасы Айгүл Шымырова баяндамашыларға сөз берді.
◾️ Судья Бекжан Парманқұлов Конституцияның негізгі новеллалары туралы баяндама жасады. Баяндамашы қабылданған Конституция еліміздің қазіргі саяси-құқықтық даму кезеңін бейнелей отырып, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары басым тұрған Әділетті Қазақстанның конституциялық құндылықтарын нақты бекітетіндігі туралы атап өтті.
◾️ Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің Негізгі Заңының құрылымы мен мазмұнын белсенді талқылап, сот практикасының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Жамбыл облысының Жамбыл аудандық соты
https://t.me/Jogargy_sot
➖️➖️➖️
Судом проведен круглый стол по разъяснению норм Конституции Республики Казахстан
◾️ В Жамбылском районном суде проведен круглый стол на тему: «Разъяснение основных нововведений Конституции Республики Казахстан, принятой на республиканском референдуме».
◾️ В мероприятии приняли участие председатель и судьи суда, представители аппарата акима, прокуратуры, отдела полиции, Управления государственных доходов и коллегии адвокатов района.
◾️ Открывая мероприятие, председатель суда Айгуль Шымырова предоставила слово докладчикам.
◾️ Судья Бекжан Парманқұлов выступил с докладом об основных новеллах Конституции. Докладчик отметил, что принятая Конституция, отражая современный этап политико-правового развития страны, закрепляет конституционные ценности Справедливого Казахстана, в котором человек, его жизнь, права и свободы имеют высшую ценность.
◾️ Участники круглого стола активно обсудили структуру и содержание Основного Закона страны, обменялись мнениями по актуальным вопросам судебной практики.
Жамбылский районный суд Жамбылской области
https://t.me/Jogargy_sot