01/09/2026
🔹Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысы қаралды
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаевтың мәліметінше, бағдарлама жүзеге асырылған 2019-2025 жылдары облыстағы 153 ауылдық округте экономикалық тұрғыдан тиімді бағыттар айқындалып, тиісті скрининг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 8 909 кәсіпкерлік субъектісі 48,4 млрд теңгеге қаржыландырылған. Осы қаражат есебінен 262,2 мың мал басы мен 533 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, 57 кооперативке 3,5 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген.
✔️Бағдарламаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі де айқын байқалады. Атап айтқанда, тұрақты түрде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар саны 69,5 мыңнан 16,6 мың адамға дейін төмендеп, 4,2 есеге қысқарған. Осы кезеңде бюджет түсімдері 400 млн теңгеден 1,6 млрд теңгеге дейін өссе, азаматтардың орташа табысы 78 мың теңгеден 135 мың теңгеге артқан. Ал кәсіпкерлер саны 3,5 есеге ұлғайған.
✔️2025-2026 жылдарға «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында облысқа 5 млрд теңге бөлінген. Бүгінде оның 3,6 млрд теңгесі немесе 72,7 пайызы игерілді. Аудандарда 90 млн теңге көлеміндегі қаражат тіркеу кезеңінде болса, мақұлданған жобалардың жалпы құны 694,2 млн теңгені құрайды.
✔️Қазіргі таңда игерілген қаражат есебінен 405 кәсіпкер өз кәсібін бастауға мүмкіндік алған. Оның ішінде 177 шаруашылыққа 10 160 мал басын сатып алу жоспарланған.
✔️Қалған 1,4 млрд теңгені қыркүйек айының соңына дейін игеру көзделіп отыр. Бұл қаражатқа ұсынылатын әлеуетті жобалардың құжаттары 80-90 пайызға дайын. Қазіргі уақытта негізінен жобаларды кепілмен қамтамасыз ету мәселелері шешілуде.