Талғар ауданы әкімдігі

Талғар ауданы әкімдігі Талғар ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Официальны?

18/06/2026

♻️ «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Бейсенбі» экологиялық сенбілігі өткізілді

Бүгін Тұздаыбастау ауылында Үлкені Алматы каналының бойында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, көше бойы қоқыстан тазартылды.

Сенбілікке аудан жастары, еріктілер, мемлекеттік қызметшілер және белсенді тұрғындар қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Барша тазалық шарасына қатысқан барлық азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз, туған өлкенің тазалығы мен көркеюі әрбір тұрғынның ортақ міндеті.

Таза әрі жайлы орта қалыптастыру жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

#ТазаҚазақстан #ТазаБейсенбі #ТалғарАуданы #БіргеТазаҚазақстан

17/06/2026

🚒 Аудан әкімі өрт сөндіру нысандарының құрылыс жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Айдарбеков Танат Есенкелдіұлы Нұра ауылындағы өрт сөндіру депосының және Талғар қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің құрылыс жұмыстарымен танысып, нысандардағы жұмыс барысын бақылап шықты.

Жұмыс сапары барысында құрылыс жобаларының белгіленген мерзімде аяқталуы, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы және қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Нұра ауылындағы өрт сөндіру депосының құрылысын жүзеге асырып жатқан мердігер ұйым – «MIR-A CONSTRUCTION» ЖШС, ал Талғар қаласындағы нысан бойынша мердігер ұйым – «ДДК» ЖШС өкілдеріне жұмыс процесін тиімді ұйымдастыру, белгіленген мерзімдерді сақтау және құрылыс жұмыстарын сапалы орындау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Аталған бөлімшелер заманауи технологиялармен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.

Айта кету керек, Талғар қаласындағы өрт сөндіру бөлімі бұрын «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің ғимараты болған нысанда орналасуда. Қазіргі таңда аталған ғимар�

17/06/2026

🏫 Аудан әкімі №2 орта мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Танат Есенкелдіұлы Талғар қаласындағы №2 орта мектеп ғимаратында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмыстарымен танысты.

Жұмыс барысында мердігер ұйым – «Жөндеу-Құрылыс» ЖШС өкілдері құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі барысы туралы баяндап, нысанның дайындық деңгейі жөнінде ақпарат берді.

Жоба аясында білім беру ұйымының ғимаратын жаңғырту, инженерлік желілерді ретке келтіру және оқу процесіне қолайлы жағдай жасау көзделген. Сонымен қатар, ғимараттың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуына ерекше назар аударып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Бүгінде нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 85%-ға аяқталған, жобаның толық аяқталуы тамыз айының аяғына жоспарлануда.

#ТалғарАуданы #Талғар #БілімБеру #Құрылыс #ЖөндеуЖұмыстары

Құрметті аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер!Сіздерді «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтетін «Таза Бейсенбі» т...
17/06/2026

Құрметті аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер!

Сіздерді «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтетін «Таза Бейсенбі» тазалық шарасына белсенді қатысуға шақырамыз!

🗓 Өтетін күні: 18-маусым 2026 жыл бейсенбі
Сағат: 8:30
📍 Өтетін орны: Тұздыбастау ауылы
Тазаланатын аумақ: «Үлкен Алматы Каналы» күре жолдың бойы тазаланады

Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосайық!
Тазалық – ортақ жауапкершілік!

Өтініштерді сапалы қарау мәселелері талқыландыАлматы облысы әкімі аппаратының Азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау б...
17/06/2026

Өтініштерді сапалы қарау мәселелері талқыланды

Алматы облысы әкімі аппаратының Азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімінің бас инспекторы К.Баянбаеваның қатысуымен аудандық бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ жауапты мамандардың қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Іс-шараның мақсаты – азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау мәселелерін түсіндіру.

Семинар барысында «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу тәртібі, өтініштерді уақытылы тіркеу, заңнама талаптарына сәйкес қарау және сапалы жауаптар әзірлеу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде заң талаптарын қатаң сақтау, мерзімдердің бұзылуына жол бермеу және тұрғындармен кері байланысты күшейту бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыруға және халықтың өтініштеріне жедел әрі сапалы жауап беруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Обсуждены вопросы качественного рассмотрения обращений граждан

При участии главного инспектора отдела контроля за рассмотрением обращений граждан аппарата акима Алматинской области К. Баянбаевой состоялся семинар-совещание с участием руководителей районных отделов, акимов города и сельских округов, а также ответственных специалистов.

Цель мероприятия – повышение качества рассмотрения обращений граждан и обеспечение соблюдения норм Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

В ходе семинара были подробно рассмотрены вопросы работы в информационной системе «Е-Өтініш», своевременной регистрации обращений, их рассмотрения в соответствии с требованиями законодательства и подготовки качественных ответов заявителям.

Особое внимание было уделено соблюдению установленных сроков, недопущению нарушений законодательства и усилению обратной связи с населением.

Проведение подобных мероприятий способствует повышению открытости деятельности государственных органов и обеспечению оперативного и качественного рассмотрения обращений граждан.

16/06/2026

🇰🇿 Аудан әкімі кірпіш зауытының жұмысымен танысты

Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков Талғар қаласында орналасқан «Талғар кірпіш зауыты» ЖШС-не барып, кәсіпорынның өндірістік қызметімен және жұмыс барысымен танысты.

2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын құрылыс саласына қажетті күйдірілген саздан жасалған кірпіш және өзге де құрылыс бұйымдарын өндіреді. Бүгінде зауытта 20-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі өндіріс процесін аралап көріп, кәсіпорынның жұмыс қарқыны мен еңбек жағдайларымен танысты. Сондай-ақ, отандық өндірісті қолдау, жұмыс орындарын сақтау және өндіріс көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды.

Танат Есенкелдіұлы өндіріс орындарының аудан экономикасын дамытудағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, кәсіпорын ұжымына табыс тіледі.

Аким района ознакомился с работой кирпичного завода

Аким Талгарского района Танат Есенкелдиевич Айдарбеков посетил ТОО «Талгарский кирпичный завод» и ознакомился с деятельностью предприятия.

Предприятие работает с 2001 года и занимается производством кирпича и других строительных изделий из обожженной глины. В настоящее время на заводе трудятся более 20 человек.

В

📍 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өттіТалғар ауданы әкімдігінде аудан әкімінің оры...
16/06/2026

📍 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Талғар ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті.

🔹 Отырыста аудан әкімдігі мен полиция басқармасына келіп түскен 4 іс қаралды.
🔹 Комиссия қорытындысы бойынша, аудан әкімінің орынбасары комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар беріп, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда.

📍 Состоялось заседание комиссии по делам несовершеннолетних

В акимате Талгарского района под председательством заместителя акима района Айбека Дуйсембекулы состоялось очередное заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав.

🔹 На заседании было рассмотрено 4 дела, поступивших в акимат района и управление полиции.
🔹 По итогам заседания заместитель акима дал членам комиссии конкретные поручения и поручил усилить работу по делам несовершеннолетних.

Работа по обеспечению прав и безопасности детей находится под постоянным контролем.

13/06/2026

🇰🇿 ТҰЗДЫБАСТАУ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Талғар ауданының әкімі Азамат Серікұлы Сейтов Тұздыбастау ауылында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылап қайтты.

2025 жылға арналған жоспарды іске асыру аясында Исатай батыр және Лашын көшелерінде маршруттық тәсілмен асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстары жалғасуда.

Жобаның тапсырыс берушісі – Талғар ауданының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі. Мердігер ұйым – «Алматы Жолдары» ЖШС.

🔹 Исатай батыр көшесі
▪️ Ұзындығы – 385 метр
▪️ Ені – 7,5 метр
▪️ Жұмыстар толық аяқталды

🔹 Лашын көшесі
▪️ Ұзындығы – 550 метр
▪️ Ені – 5 метр
▪️ Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жалғасуда

Көше тұрғындары жол сапасына оң бағасын беріп, атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіруде.

Аудан әкімі мердігер ұйымға құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

В СЕЛЕ ТУЗДЫБАСТАУ ПРОДОЛЖАЮТСЯ ДОРОЖНО-РЕМОНТНЫЕ РАБОТЫ

Аким Талгарского района Азамат Серикулы Сейтов ознакомился с ходом дорожных работ, проводимых в селе Туздыбастау.

В рамках реализации плана на 2025 год продолжаются работы по устройству асфальтобетонного покрытия маршру

11/06/2026

Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков Береке ауылында орналасқан «Bizdin Auyl» демалыс аймағының жұмысымен танысты.

2023 жылы ашылған нысан бүгінде ауданның туристік әлеуетін арттырып, келушілердің сүйікті демалыс орындарының біріне айналған. Таулы көркем табиғат аясында орналасқан демалыс аймағының жалпы аумағы 25 гектарды құрайды. Мұнда келушілерге атпен серуендеу, садақ ату, киіз үйде тынығу, ферма өнімдерінен дайындалған табиғи тағамдардан дәм тату сияқты қызмет түрлері ұсынылады.

Қазіргі таңда нысанда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Есептік кезеңде демалыс аймағына 40 мыңға жуық турист келген.

Кездесу барысында кәсіпкер жобаның негізгі мақсаты ауыл өмірін насихаттау, жастардың ауылға деген қызығушылығын арттыру және туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру екенін атап өтті. Сондай-ақ қазіргі таңда нысанның қарқынды жұмыс істеп тұрғанын және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жаңа жобалар мен жоспарлардың бар екенін жеткізді.

Өз кезегінде аудан әкімі жобаның өңір туризмін дамытуға және ауылдық аумақтардың тартымдылығын арттыруға қосып отырған үлесін жоғары бағалап, кәсіпкердің бастамасына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар мұндай игі жобаларға

Address

Ул Кунаева
Talgar

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Талғар ауданы әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share