10/04/2026
2026 жылғы 10 сәуірде кардиология бөлімі қызметкерлеріне өрт жағдайында эвакуация жүргізу бойынша теориялық сабақ өтті.
Сабақты орталықтың техника және еңбекті қорғау қызметінің маманы Гарифолда Құрманбаевич жүргізді. Оқу барысында төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет алгоритмдері, қауіпсіздік талаптары және эвакуация тәртібі түсіндірілді.
Алдағы аптада аталған тақырып бойынша практикалық оқу-жаттығу жұмыстары өткізу жоспарлануда.