10/06/2025
Respublica жастар арасында байқау жариялайды
Егер жасыңыз 35-тен аспаса және Respublica партиясының жұмысын жаңа деңгейге шығарудың жолдарына қатысты идеяларыңыз болса — ойыңызды жинақтап, жоба түрінде рәсімдеп, бізге жіберіңіз. Бұл — цифрлық шешім болуы мүмкін, жастарды саяси өмірге тартудың тың тәсілі, партия жұмысын ашық етуге бағытталған ұсыныс немесе мүлде өзгеше, бұрын ешкім айтпаған идея шығар. Ең бастысы — нақты, мағыналы әрі пайдалы болуы тиіс.
Өтінімдер 10 маусымнан 22 маусымға дейін қабылданады. Байқау толықтай онлайн өтеді. Жеке өзіңіздің атыңыздан да, үш адамға дейінгі шағын топпен де қатысуға болады. Финалға өткен қатысушылар өз жобаларын арнайы комиссия алдында қорғайды. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталады, ал үздік идеялар партия жұмысына енгізілуі мүмкін.
Respublica шынайы өзгеріс ұсынуға дайын, немқұрайлы емес жастарды іздеп отыр. Егер бұл сіз туралы болса — сәтті мүлт жібермей, ұсыныңыз. Мүмкін, дәл сіздің идеяңыз маңызды өзгеріске себеп болар.
********
Respublica запускает конкурс для молодежи
Если вам до 35, у вас есть идеи, как совершенствовать деятельность
политической партии «Respublica» — собирайте мысли, оформляйте проект и отправляйте нам. Это может быть что угодно - цифровое решение, крутая инициатива для вовлечения молодежи, идея по прозрачности или даже что-то такое, о чём пока никто не подумал. Главное — чтобы было по делу и с пользой.
Приём заявок — с 10 по 22 июня. Всё онлайн. Можно участвовать одному или с командой. Финалисты представят свои проекты перед жюри, победители получат призы, а лучшие идеи — шанс быть реализованными в работе партии.
Respublica реально ищет людей, которые не просто критикуют, а предлагают. Которым важно. Если это про вас — не упустите момент. Напишите, предложите, и, может, именно ваша идея что-то поменяет.