30/09/2022
Әділет органдары жүйесінде еліміздің құқықтық саладағы саясатын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының алатын орны ерекше.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты республикадағы норма шығармашылық қызметтің тиімділігін арттыру, құқықтық ғылымның рөлін күшейту және компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, құқықтық ақпаратты алуда жеке және заңды тұлғаларға жәрдемдесуге бағытталған ақпараттық жүйелер қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі күні азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ҚР нормативтік құқықтық актілердің этолондық бақылау банкі, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесі, «Zan» деректер базасы сияқты жобалары қолданысқа берілген.
Жалпыға бірдей, тегін пайдалану үшін 24/7 режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің (http://adilet.zan.kz) және ресми жариялайтын көз болып табылатын ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінің маңыздылығын атап өтпеске болмайды. Бұл жобалар мемлекет тарапынан әркімнің құқықтық ақпаратты еркін алу кепілдігін қамтамасыз етудің көрінісі.
Сонымен қатар, кәсіпорын Қазақстандағы еліміздегі ең алғаш электроды түрде құрамында елдің барлық нормативтік құқықтық актілері енген деректер базасының әзірлеушісі болып табылады. Бұл - «ЗАҢ/Закон/ZAN» дерекқоры. Уақыт талабына сай пайдаланушылардың кажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аталған база әрқашан жетілдірілуде. Жүйенің сервистік ерекшеліктері айрықша, әртүрлі мүмкіндіктер мен қызметтері арқасында бүгінгі күннің шынайылығына жауап бере отырып, қажетті құқықтық ақпаратты өте тез табуға болады.
Сондай ақ, байланыс желісі арқылы тегін құқықтық консультация алғысы келетін азаматтарға қысқа нөмірдегі 119-ға немесе 58-00-58 нөмірі арқылы мамандарымыз қазақ және орыс тілдерінде қолданыстағы заңнаманы түсіндіре отырып, қызмет көрсететінін айта кету керек.
Республика аумағының аймақтақтарында Институттың филиалдары кәсіпорын қызметінің мақсатына сәйкес жұмыс жасап жатыр. Соның бірі - Алматы облысы бойынша филиалы.
Филиалдың мамандары өз өкілеттігі шегінде нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін жүргізуге, деректер базасын жасақтауға қатысады, Алматы және Жетісу облыстырының аумағында құқықтық ақпараттандыру қызметін көрсетеді.
Мысалы, бүгінгі күнге дейін филиалдың 6 мыңға жуық Алматы және Жетісу облыстарының жергілікті және өкілді органдарының тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік Тізілімге енгізіп, ресми жариялап, жоғарыда көрсетілген жүйелерге өңдеп жіберу арқылы халықтың назарына ұсынып отыр.
Биылғы жылдың 9 айында қызметкерлеріміз заң талаптарына сәйкес белгіленген мерзімдерде – 284 актіні өңдеп, пайдаланушыға құқықтық ақпаратты дереу жеткізу үшін жүйелерге жіберген. 36 актімен 38 НҚА-нің күші жойылып, 131 НҚА-ге дер кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өз кезегінде, бұл мамандарымыздың үлкен мүдделілікпен атқарған жұмысының нәтижесі екенін атап өткен орынды.
Білікті мамандарымыз қоғам үшін пайдалы болуға және барлық туындаған сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан дайын.
Сондай ақ, аймақтағы қабылданып жатқан кесімдердің сапасын арттыру мақсатында облыстық әділет департаментімен, жергілікті ақарушы және өкілді органдармен әрқашан тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Бұл өз кезегінде, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
Бұған қоса, аймақтағы жеке және заңды тұлғаларды құқықтық ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру бағытында шарт негізінде қызмет атқарамыз.
Жыл сайын қыркүйек айының 30-ы күні Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтілуде. Биыл тәуелсіз Қазақстанның әділет органдарына 30 жол толып отыр.
Әділет органдары жүйесінде қызмет жасайтын әрбір қызметкер өзінің қажырлы еңбегінің арқасында әділдік принциптерін бекітуді мақсат етіп, мемлекеттілікті нығайту мен дамытуда, заңнаманы жетілдіруде, азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау сияқты ел алдындағы маңызды міндеттерді үлкен абыроймен атқарып келеді.
Осы орайда, әріптестерімді, әділет органдарының ардагерлерін, кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтап, дендеріңізге саулық, жақындарыңызға амандық тілеймін. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
Құрметпен,
Салтанат Батырханова