11/04/2025
Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша оқыту-семинары өз жалғасын тапты
✅Бүгін, Түркістан облысында мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша екі күнге жоспарланған оқыту-семинардың екінші күні өтті. Іс-шара «Үлгілік базалық бағыттың» төртінші блогы – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын-алу» (ТБН-4) жобасы аясында ұйымдастырылды.
📉Семинарға облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары, аудан және қала әкімдіктері аппараттарының басшылары мен ішкі талдауға жауапты мамандар қатысты.
⏬Семинардың ашылуында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е. Жұматай сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша кеңінен түсініктеме берді.
✍️Шара барысында «Таңдау құқығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры А. Қалыбек мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі кездесетін тәуекелдерді атап өтіп, жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған үздік кейстермен бөлісті.
📊Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін уақытша атқарушы Н. Шарипов мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына қатысты түсіндірме жасады.
✅Оқыту-семинарының жұмысын Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары А. Тоғызбаев қорытындылады. Ол ішкі талдаудың өзектілігіне тоқталып, қатысушыларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында талдау жұмыстарын сапалы жүргізуге шақырды.