31/01/2017
РЕВМАТИКАЛЫҚ АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨК ТАЙҒАҚ!
Ревматизм – созылмалы инфекциялық-аллергиялық ауру. Бұл аурумен көбінесе 7-15 жас аралығындағы балалар ауырады. Аурудың себебі – инфекциялық фактор – «А» группасының гемолитикалық стрептоккогі. Ревматизм көбіне баспадан, созылмалы тонзилиттің асқынуынан 10-12 күннен кейін басталады да организмдегі дәнекер тканін зақымдайды.
Аурудың белгілері: ауру баланың жалпы жағдайының баяу бұзылуынан басталады: бала мазасыз, жылаңқы, тез өкпелегіш, жазуы нашарлайды, жүрісі өзгереді, бет-аузын тыржыңдатады, тамақ ішкенде төгіп-шашады, түймесін сала алмайды. Ревматизм болған баланың жүрегі эндокардит, миокардит түрінде зақымданады: баланың жүрегі шаншып ауырады, жүрек көлемі үлкейеді, жүрек соғуы жиілейді, тыңдағанда шу естіледі, бала тез жүргенде, баспалдақтан көтерілгенде шаршағыш болады.
Алдын алу шаралары: мақсаты-ревматизмді болдырмау. Ол үшін балаларды жақсы, құнарлы тамақтармен тамақтандыру, жасына қарай денесін шынықтыру, күн тәртібін сақтауы керек. Сонымен қатар созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік есепке тұрып емделуі керек. Әсіресе баспамен жиі ауыратын, созылмалы тонзилиті, тіс жиегі бар балаларды сауықтыру керек.
Қыс та келіп жетті, бұл — әсiресе таңғы сағаттарда көшелердiң асфальт жолдарында алғашқы мұздың пайда болатындығын бiлдiредi. Көк тайғақ кезiнде көше жарақаттары, жаралар, буын таянулар және сынулар саны едәуiр ұлғая түседi. Әсiресе, көк тайғақ қарт адамдар үшiн қауiптi, өйткенi құлаған кезде олар бiрiншi кезекте жарақаттанады.
Зардап шеккендер қатарына iлiнбес үшiн сiз бен бiз пәлеге ұшыратпайтын кейбiр әдiстер мен тәсiлдердi бiлуiмiз абзал. Ең алдымен тайғанамайтын өкшесi төмен аяқ киiм әзiрлеңiз. Бар табанмен басып, абайлап, асықпай қозғалыңыз. Сол уақытта аяқ маужыраңқы, қол бос болу керек. Қарт адамдарға ұшы резеңкелi таяқ немесе ұшында тiкенектерi бар таяқ ұстау ұсынылады. Егер тайғанап кетсеңiз, құлау биiктiгiн төмендету үшiн отыру қажет. Құлау кезiнде домалап түсiп, жерге жұмсақ құлауға тырысыңыз. Қолдағы заттарды құтқарамын деп әуреленбеңiз. Тұруға асықпаңыз, өзiңiздi шолып шығыңыз, жарақат болуы әбден мүмкiн, өтiп бара жатқан адамдардан көмек сұраңыз.
Көк тайғақ кезiнде қозғалып келе жатқан көлiкке жақындамау өте маңызды, сондай-ақ, жаяу жүргiншiлер жолы, қалалық көлiк аялдамалары, дүкенге кiрер баспалдақтар, тiптi, үй иесiнiң табалдырығы адамдардың жиi құлайтын жерi екендiгiн ескеру қажет. Баспалдақпен қозғалған кезде сүйенiштi пайдаланыңыз. Құм төгiлген жолмен жүруге тырысыңыз.
Көк тайғақ кезiнде арқаға, бетпен көкке қарап құлау қауiптi, себебi ми шайқалуы мүмкiн. Жарақаттанған кезде медициналық көмек алу үшiн дәрiгерге жүгiнiңiз.
Есiңiзде болсын! Абайлағыштық және сақтық — қысқы жарақаттанудан ең жақсы қорғану.
Осы орайда «Ревматикалық аурулардың алдын алу» айлығы, «Абайлаңыз көк тайғақ!» онкүндігі бойынша ОҚО СӨСҚО ЖШС-ның ұйымдастыруымен облыстық, қалалық және аудандық медициналық мекемелердің салауатты өмір салтын насихаттауға жауапты қызметкерлерге арналған облыстық семинар-кеңес өткізілді. Семинар кеңесте ақпараттық танымдық материалдар таратылып, қатысқан азаматтар баяндамашылардан кеңестер алды.