26/03/2026
⚜️ Тарих пен білімді тоғыстыратын бірлескен бастама!
🟨 «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық музейі Шымкент қаласында орналасқан колледждермен өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде меморандум жасасты.
🟨 Меморандум Мирас, Авиценна, , Шымкент ALT көлік,, Ж.Аймауытов атындағы, Шымкент медициналық, Жол көлік, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің, Индустриялды техникалық, Шымкент аграрлық, Политехникалық, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық колледждері арасында келісімге қол қойылды.
🟨 Бұл келісім — студентер арасында білім мен тәжірибені тоғыстыратын, тарих пен келешекті байланыстыратын маңызды қадам болары сөзсіз..
🟨 Меморандумның мақсаты:
• Колледждер мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
• Музей қорымен танысу, экскурсиялар,қажеттілігіне қарай көшпелі көрмелер ұйымдастыру;
• Тарихи-мәдени мұраны насихаттау бойынша жобалар әзірлеу;
• Ынтымақтастық аясында тұрақты түрде ақпараттық қолдау көрсету;
• Мамандық бағыты бойынша әдістемелік көмек көрсету;
• Волонтерлік бағдарламаларды жүзеге асыру;
• Тараптардың сайттарында сілтемелер мен мәліметтер орналастыру;
🟨Бұл меморандум студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, білім мен мәдениетті біртұтас дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өңірдің болашағын нығайтуға бағытталған бастама болып табылады.