21/03/2026
📻 24 FM радиосының мерекелік шығарылымы – Наурыз айының қорытындысы!
Мектебімізде үшінші тоқсанның аяқталуына орай, наурыз айының мерекелік рухын айшықтаған 24 FM радиосының арнайы шығарылымы тыңдармандарға жол тартты.
Бұл шығарылымда Наурыз мейрамының мәні мен маңызы, ұлттық құндылықтар, көктемнің жаңаруымен бірге келетін ізгі тілектер кеңінен насихатталды. Радиобағдарлама барысында оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын мазмұнды ақпараттар мен мерекелік құттықтаулар ұсынылды.
🎙 Бағдарлама жүргізушілері – 8 «Ә» сынып оқушылары
Дүйсенова Бағым және Сабырхан Мәриям өздерінің шеберлігі мен сахналық мәдениетін жоғары деңгейде көрсете білді.
📌 Ақпараттық қолдау көрсеткен:
ДТЖЖО Жуандыкова Дана Арыстанбекқызы
Бұл радиошығарылым – оқушылардың шығармашылығын дамытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.
✨ Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы!
Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.
#МектепРадиосы
#Наурыз2026
#НаурызМейрамы
#Наурызнама
ҰлттықҚұндылықтар
ЖастарДауысы
МектепӨмірі
ҮшіншіТоқсан
Шығармашылық
ОқушыларҮні
ШымкентМектептері
БілімБерудеЖаңашылдық
НаурызШуақтары
МерекелікШығарылымБұл