05/06/2026
✨ EDUCAMPSHYM – 2026 | 4-КҮН ✨📚
«EduCamp Shym – 2026» оқу-танымдық лагері аясында біздің гимназияның оқушылары Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Тарих және педагогика факультетіне танымдық экскурсия жасады.
Кездесу барысында оқушылар факультеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, Арнайы педагогика, Педагогика, Әлем тарихы және дінтану, Психология, Бастауышта оқыту әдістемесі кафедраларының қызметі туралы құнды ақпарат алды. Сондай-ақ студенттердің оқу және ғылыми жетістіктері жөнінде мәліметтермен танысты.
Экскурсия кезінде гимназия оқушылары Психологиялық қолдау орталығында болып, оның жұмыс ерекшеліктерін көрді. Бұдан бөлек, арнайы жабдықталған оқу кабинеттерін аралап, археологиялық жәдігерлер қойылған көрме бұрыштарын тамашалады.
Бұл сапар оқушылардың жоғары білім беру жүйесі туралы танымын кеңейтіп, болашақ мамандық таңдауға қатысты көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізді.
#АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #КәсібиБағдар #КәсіптікБағдарБерү #БолашақМаман #ОҚПУ #ТарихЖәнеПедагогика