17/09/2026
⚖️ Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік қамақ тағайындалды
🔹Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ә.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін іс қаралды.
🔹Сотта анықталғаны
2026 жылғы 7 қыркүйекте Ә.Н. Шымкент қаласында Ленгір тас жолы бойында өзінің басқаруындағы BMW M5 автокөлігімен дрифт жасап, айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
🔹Тараптардың позициясы
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін және кешірім сұрайтынын білдірді.
Ә.-нің кінәсі мойындауымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және бейнежазбамен дәлелденді.
🔹Сот не үшін және қандай шешім қабылдады
Сот істің мән-жайларын ескере отырып, құқық бұзушының жеке басын, оның бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын, материалдық жағдайын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды назарға алды. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Осыған байланысты сот Ә.-ны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.
🔹Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.
*******
⚖️ За нарушение общественного порядка назначен административный арест
🔹В специализированном межрайонном суде по делам об административных правонарушениях города Шымкента рассмотрено дело в отношении Ә. о совершении административного правонарушения, предусмотренного частью 1 статьи 434 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (далее – КоАП) (мелкое хулиганство).
🔹Установлено судом
7 сентября 2026 года Ә. в городе Шымкенте на автодороге Ленгір тас жолы, управляя автомобилем BMW M5, совершал дрифт, проявляя неуважение к окружающим и нарушая общественный порядок.
🔹Позиция стороны
В судебном заседании правонарушитель полностью признал свою вину, выразил сожаление о содеянном и принес свои извинения.
Вина Ә. помимо признания подтверждается протоколом об административном правонарушении и видеозаписью.
🔹Почему и какое решение принял суд
Суд, учитывая обстоятельства дела, личность правонарушителя, неоднократное привлечение его к административной ответственности, материальное положение, а также обстоятельства, смягчающие ответственность, назначил соответствующее административное взыскание. Обстоятельств, отягчающих ответственность, не установлено.
В связи с этим суд признал Ә. виновным в совершении административного правонарушения, предусмотренного частью 1 статьи 434 КоАП, и назначил ему административное взыскание в виде административного ареста сроком на 10 суток.
🔹Постановление суда не вступило в законную силу.
https://t.me/shymkent_sottary
https://t.me/Jogargy_sot