30/11/2021
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жаңа Қағидалардың күшіне енгені туралы.
«Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №454 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қыркүйекте №24508 болып тіркелген, қазіргі кезде күшіне енін, қолданысқа енгізілді.
Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттерімен және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Бұған дейін қолданған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №189 бұйрығымен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының күші жойылды.
Екі және одан да көп облыс шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ стратегиялық объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – Комитет) келісіледі.
Өзге қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Комитеттің аумақтық департаменттерімен келісіледі.
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.
Бұл мемлекеттік қызметті көрсету тек қана «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қағидалардың 4-тармағына сәйкес:
Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жібереді.
Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген өтінішпен бірге жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесін жолдайды (ҚР 1.02-03-2011 Құрылыс нормаларына сәйкес жасалған). Уран өндіру саласында - өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушы тағайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 12 (он екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, соңдай-ақ атом энергиясы, магистральді құбырларды мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді және бір жұмыс күні ішінде хат ресімдейді - көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша келісу не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жауап болып табылады және оны портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидалардың Стандартында көрсетілген, олар:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.