07/04/2026
Мақаншы ауданында Respublica партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш жұмыс сапарымен болып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
Сапар аясында партия төрағасы аудан әкімімен арнайы кездесу өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым мәселелері, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды талқылады. Кездесу барысында жергілікті деңгейде шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелер көтеріліп, оларды бірлесіп шешу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар, белсенді азаматтармен мазмұнды кездесу ұйымдастырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен бастамалары талқыланды. Азаматтар тарапынан көтерілген сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, бірқатар ұсыныстар назарға алынды.
Бұдан бөлек, қоғамдық қабылдау өткізіліп, аудан тұрғындары жеке мәселелері бойынша жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Қабылдау барысында әлеуметтік, тұрғын үй, жер, инфрақұрылым және өзге де бағыттағы өтініштер қаралып, тиісті заң аясында түсіндірмелер берілді. Кейбір мәселелерді шешу үшін жауапты органдарға нақты тапсырмалар жолданды.
Жалпы, жұмыс сапары барысында халықпен ашық диалог орнатылып, тұрғындардың мәселелерін тыңдау және оларды жүйелі түрде шешуге бағытталған нақты қадамдар айқындалды.