Абай облысының ішкі саясат басқармасы

Абай облысының ішкі саясат басқармасы Абай облысы ішкі саясат басқармасының ресми парақшасы

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады 🟦Президентке Абай облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономика...
09/06/2026

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

🟦Президентке Абай облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы төрт айдағы көрсеткіштері туралы есеп берілді.

Берік Уәли:

➤ өткен жылы өңірлік жалпы өнім көлемі 3,9 триллион теңгеге жеткенін айтты.

🟦Биыл қаңтар-сәуір айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,8 пайызды құрады. Инвестиция көлемі 19,4 пайызға өсіп, өнеркәсіп, өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларында оң динамика сақталды.

➤ инвестиция тарту бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

🟦Былтырдан бастап жалпы инвестициялық пулға кіретін жобалар саны 29-дан 112-ге дейін ұлғайды. Тартылатын инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеден 4,4 триллион теңгеге дейін артты.

🟦Ірі инвестициялық жобалар қатарында құны 577,5 миллиард теңге болатын «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде. Семей қаласында құны 714 миллиард теңгені құрайтын жаңа жылу электр орталығы мен жалпы инвестиция көлемі 255 миллиард теңге болатын тау-кен байыту комбинатын салу жобалары жүзеге асырылып жатыр.

➤ арнайы экономикалық аймақ құру жұмыстары туралы да баяндады.

🟦Семей қаласында жоспарланған аймақта жалпы құны 400 миллиард теңгені құрайтын өндірістік жобаларды іске асыру және 2500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Үш ірі жоба бойынша ұсыныс келіп түсті.

➤ Алакөл туристік аймағын дамыту барысы туралы ақпарат берді.

🟦Биыл жағалау инфрақұрылымын жаңғыртуға 15,4 миллиард теңге бөлінген. Соның ішінде электр желілерін тарту және Үржар әуежайының терминалын реконструкциялау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 11,6 миллиард теңге қарастырылған.

➤ өңірдегі инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қолға алынған жобаларды таныстырды.

🟦Атап айтқанда, сумен жабдықтау, кәріз және жылу желілерін жаңарту, Семей қаласындағы жаңа көпір құрылысын аяқтау, тұрғын үй құрылысы мен жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары баяндалды.

📌Мемлекет басшысы өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

04/06/2026

⚡️Абай облысында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Семей қаласында «Тұғырлы рәміз – тұрақты қоғам» атты салтанатты шара өтті. Патриоттық шараға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, ардагерлер, әскерилер, жастар, білім, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері, қала тұрғындары жиналды.

Салтанатты шара Мемлекеттік Тудың көтеріліп, Әнұранның орындалуымен басталды. Жиналған қауым ел тәуелсіздігінің басты нышандары – Ту, Елтаңба және Әнұранға құрмет көрсетті.

Мерекелік жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің символы екенін атап өтті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында Семейдегі Бейбітшілік аралында Солтүстік Қазақстан облысының тартуы ретінде Рәміздер алаңының іргетасы қаланып, құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл нысан Абайдың туған күні қарсаңында ашылады деп жоспарланып отыр.

Мерекелік шара барысында жергілікті өнерпаздар патриоттық әндерден концерттік бағдарлама ұсынды.

04/06/2026

🇰🇿 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі.

#рәміздеррухы
#РәмізгеҚұрмет

02/06/2026

Облыс әкімі саяси партиялардың өкілдерімен кездесті

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли өңірде тіркелген барлық саяси партиялардың жетекшілерімен және өкілдерімен кездесті.

Жуырда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданып, мемлекетіміздің саяси дамуындағы жаңа кезең басталды. Конституциялық реформалар аясында елдің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер жүзеге асырылуда.

«Баршамыздың ортақ мақсатымыз – өңірдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау, халықтың сенімін нығайту және алдағы саяси науқанды ұйымшылдықпен әрі жоғары деңгейде өткізу. Осы мақсатқа жету жолында өздеріңізбен әрдайым ашық әрі нәтижелі ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайынбыз. Біз үшін қоғамдық тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың пікірін ескеру және барлық саяси үдерістердің заң аясында өтуін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Сондықтан алдағы жұмыстарды өзара түсіністік пен серіктестік негізінде бірлесіп атқарамыз деп сенемін», – деді Берік Уәли.

Кездесуде партия филиалдарының төрағалары мен өкілдері өңірдің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, экология, білім, мәдениет салаларына қатысты ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Облыс әкімі кездесудегі ұсыныс-пікірлер назарға алынып, жұмыс барысында ескерілетінін айтып, аймақты өркендету жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

📢 СТАРТОВАЛ ПРИЕМ ЗАЯВОК НА МАЛЫЕ ГРАНТЫ ДЛЯ СЕЛЬСКИХ НПООткрыт конкурс на получение малых грантов для поддержки инициат...
21/05/2026

📢 СТАРТОВАЛ ПРИЕМ ЗАЯВОК НА МАЛЫЕ ГРАНТЫ ДЛЯ СЕЛЬСКИХ НПО

Открыт конкурс на получение малых грантов для поддержки инициатив сельских неправительственных организаций области Абай.

💰 Сумма гранта: 500 000 тенге
📍 Территория реализации: села области Абай
⏳ Срок реализации проекта: до 3 месяцев с момента подписания договора

🎯 Цель конкурса:
Поддержка сельских НПО, развитие сельских территорий, решение местных проблем и развитие гражданских инициатив.

📌 Основные требования к участникам:
• регистрация в сельской местности области Абай
• отсутствие в реестре недобросовестных участников госзакупок
• наличие действующего расчетного счета
• соответствие требованиям по аффилированности
• отсутствие процедуры ликвидации, банкротства и арестов

📎 Каждый участник может подать только 1 проект

📞 Справки по телефону: 8 777 213 75 00

📢 АУЫЛДЫҚ ҮЕҰ ҮШІН ШАҒЫН ГРАНТТАРҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫАбай облысының ауылдық үкіметтік емес ұйымдарының бастамалар...
21/05/2026

📢 АУЫЛДЫҚ ҮЕҰ ҮШІН ШАҒЫН ГРАНТТАРҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Абай облысының ауылдық үкіметтік емес ұйымдарының бастамаларын қолдауға арналған шағын гранттар байқауы жарияланды.

💰 Грант сомасы: 500 000 теңге
📍 Іске асыру аумағы: Абай облысының ауылдары
⏳ Жобаны іске асыру мерзімі: шартқа қол қойылған күннен бастап 3 айға дейін

🎯 Байқаудың мақсаты:
Ауылдық ҮЕҰ-дарды қолдау, ауылдық аумақтарды дамыту, жергілікті мәселелерді шешу және азаматтық бастамаларды дамыту.

📌 Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
• Абай облысының ауылдық елді мекенінде тіркелген болуы
• Мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушылар тізілімінде болмауы
• Жарамды есеп шотының болуы
• Үлестестік талаптарына сәйкестігі
• Тарату, банкроттық немесе мүлікке тыйым салу рәсімдерінің болмауы

📎 Әрбір қатысушы тек 1 жоба ұсына алады

📞 Анықтама телефоны: 8 777 213 75 00

⚡️«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бастау алды✔️Бүгін, Халықаралық отбасы күніне орай, жыл сайын өткізілетін «Мерейлі от...
15/05/2026

⚡️«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бастау алды

✔️Бүгін, Халықаралық отбасы күніне орай, жыл сайын өткізілетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды.

Конкурстың мақсаты – адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды үлгісін насихаттау, сондай-ақ отбасының қоғамдағы мәртебесін арттыру.

Конкурсқа еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылым және мәдениет салаларында жетістікке жеткен, сондай-ақ қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді қатысып жүрген отбасылар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында аудандық және қалалық комиссиялар арқылы қабылданады.

Конкурс екі кезең бойынша өткізіледі:
1️⃣ аудандық (қалалық) кезең – 15 маусым мен 30 маусым аралығы;
2️⃣ облыстық кезең – 30 маусым мен 15 шілде аралығы.

❕Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны:
+7 705 853 82 13

🟡Құрметті жерлестер!Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл – татулық пен ты...
01/05/2026

🟡Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке. «Ынтымақ бар жерде ырыс бар» деген халқымыздың дана сөзі осы құндылықтардың мәнін айқындай түседі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясында сөйлеген сөзінде: «Бейбітшілік пен тұрақтылық – тағдырдың бізге бере салған сыйы емес. Бұл – бір ел, бір халық болып атқарып жатқан қажырлы еңбектің жемісі. Ынтымақ-бірлік, диалог, өзара сенім мен құрмет, азаматтық жауапкершілік – мұның бәрі елімізді қарқынды дамытудың мызғымас қағидаттары», - деген болатын.

Абай өңірінің халқы әрдайым өзара сыйластық пен түсіністікті ту етіп, ортақ мақсат жолында береке-бірлікпен еңбек етіп келеді.

Қазіргі таңда өңірдегі ұлтаралық қатынасты нығайту бағытында облыста 5 Достық үйі мен 46 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында Маңғыстау облысы Семей қаласында Достық үйінің құрылысын жүргізуде. Бұл нысан қоғамдық келісімді нығайтып, этномәдени бірлестіктердің өзара байланысын арттыратын маңызды орталық болмақ.

Бірлік пен өзара құрмет – еліміздің тұрақты дамуының кепілі. Осы құндылықтарды сақтау – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні әр шаңыраққа амандық, береке және шаттық әкелсін!

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!

Берік Уәли,
Абай облысының әкімі

🇰🇿 На заседании комиссии по делам женщин рассмотрены вопросы социальной поддержки и цифровизацииСегодня состоялось очере...
02/04/2026

🇰🇿 На заседании комиссии по делам женщин рассмотрены вопросы социальной поддержки и цифровизации

Сегодня состоялось очередное заседание комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике. На заседании широко обсуждены современные подходы к решению социальных проблем в регионе, а также роль цифровых технологий.

В ходе заседания особое внимание было уделено деятельности Центров поддержки семьи. В настоящее время в области функционируют 4 центра, которые оказывают населению социальную и психологическую помощь. Кроме того, была представлена архитектура цифровой экосистемы региона, отмечена значимость данной системы в поддержке женщин и эффективной реализации семейно-демографической политики. Также была поднята необходимость дальнейшего развития цифровых платформ.

В ходе заседания комиссии профильному управлению и акиматам районов были даны конкретные поручения по открытию Центров поддержки семьи. Также одним из важных направлений определено усиление разъяснительной работы с целью снижения социальных рисков среди многодетных семей.

До конца 2027 года планируется открытие Центров поддержки семьи во всех районах области Абай. Данная инициатива обеспечит доступ жителей всех населённых пунктов региона к качественной социальной и психологической помощи.

02/04/2026

🇰🇿 Әйелдер істері жөніндегі комиссия отырысында әлеуметтік қолдау мен цифрландыру мәселелері қаралды

Бүгін Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешудегі заманауи тәсілдер мен цифрлық технологиялардың рөлі кеңінен талқыланды.

Отырыста Отбасын қолдау орталықтарының қызметіне ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда облыс бойынша 4 орталық белсенді жұмыс істеп, азаматтарға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетуде. Сонымен қатар, өңірдің цифрлық экожүйесінің архитектурасы таныстырылып, бұл жүйенің әйелдерді қолдау мен отбасылық саясатты тиімді жүзеге асырудағы маңызы атап өтілді. Цифрлық платформаларды одан әрі дамыту қажеттігі де көтерілді.

Комиссия отырысы барысында салалық басқарма мен аудан әкімдіктеріне әйелдерді қолдау орталықтарын ашу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ көпбалалы отбасылар арасындағы әлеуметтік тәуекелдерді төмендету мақсатында түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды міндеттердің бірі ретінде белгіленді.

2027 жылдың соңына дейін Абай облысының барлық аудандарында Отбасын қолдау орталықтарын ашу жоспарланып отыр. Бұл бастама өңірдің кез келген елді мекеніндегі тұрғындардың сапалы әлеуметтік және психологиялық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Address

Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
Semey
071400

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Абай облысының ішкі саясат басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Абай облысының ішкі саясат басқармасы:

Shortcuts

Share