ҚР МАМ "Орталық мемлекеттік архив" РММ

ҚР МАМ "Орталық мемлекеттік архив" РММ Республиканское государственное учреждение "Центральный государственный архив" Министерства культуры и информации РК

https://kg.akipress.org/news:2479743?place=share-fab
05/06/2026

https://kg.akipress.org/news:2479743?place=share-fab

4 июня в Национальной академии наук прошла международная научно-практическая конференция «Национально-освободительное восстание 1916 года: Сулайман Корчу уулу», пр...

https://kg.akipress.org/news:2479348/?from=portal&place=last
05/06/2026

https://kg.akipress.org/news:2479348/?from=portal&place=last

В Бишкеке проходит международная научно-практическая конференция «Национально-освободительное восстание 1916 года: Сулайман Корчу уулу», посвященная 110-летию Улуу ...

04/06/2026

РӘМІЗДЕР РУХЫ – КОНСТИТУЦИЯ КҮШІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен биыл Мемлекеттік рәміздер күні республикалық деңгейде жаңаша сипат алып, «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты ортақ тұжырымдама шеңберінде атап өтілуде. Осы айтулы датаға орай, 2026 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты «Орталық мемлекеттік архив» РММ, «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ және «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архиві» бірлесіп іс-шара ұйымдастырды. Маңызы жоғары басқосу егемендігіміздің басты нышандары – Ту, Елтаңба және Гимнінің тарихи маңызын ұлықтауды мақсат етті.
Басқосуға архив ісінің білікті мамандары мен белсенді жастар қатысып, үш архивтің біріккен төрінде жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды. Жиналған қауым министрліктің бастамасымен қолға алынған биылғы тақырыптық бағыттың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік нышандарға деген құрметін өздерінің жүрекжарды тілектері арқылы білдірді. Қатысушылар өз құттықтауларында егемендік белгілерін қастерлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екендігін ерекше атап өтті.
Жиынды қорытындылай келе, қатысушылар Мемлекеттік рәміздердің асқақ рухы Ата Заңымыз – Конституцияның құқықтық пәрменімен тікелей сабақтасып жатқанына ерекше тоқталды. Бірлескен шара тарихи жадыны жаңғыртып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен мемлекетшілдік сезімдерін ұялату тұрғысынан жоғары бағаланды. Шара соңында ұйымдастырушы архивтердің ұжымдары барша отандастарымызды айтулы мерекемен құттықтап, еліміздің Көк туы әрдайым биіктен желбірей беруін тіледі.

04/06/2026
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕ         Қазақтан шыққан тұңғыш ма...
25/05/2026

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕ

Қазақтан шыққан тұңғыш математика саласы бойынша профессор, мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш Орда» тұңғыш қазақ ұлттық үкіметінің мүшесі ӘЛІМХАН ӘБЕУҰЛЫ ЕРМЕКОВТІҢ өмірге келгеніне биыл 135 жыл толды.
Ермеков Әлімхан Әбеуұлы (1891, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы – 1970, Қарағанды қаласы) – мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, математик-ғалым, профессор (1935). Математика саласы бойынша профессор атағын алған тұңғыш қазақ.
Семей гимназиясын (1912) және Томск технология институтын (1921) бітірген. 1917 жылы І және ІІ Жалпықазақ съездеріне қатысып, Алашорданың Семей облыстық комитетінің мүшесі болып сайланды.
1919–1920 жылдары Қазақ (Қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитеттің мүшесі және коллегия төрағасы қызметін атқарды. 1920 жылы Мәскеуде өткен комиссия отырыстарында Қазақ автономиясының шекарасы туралы баяндама жасап, қазақ зиялыларымен бірге қазақ жерінің аумақтық тұтастығын ресми құжат жүзінде бекітуге өлшеусіз үлес қосты. Кейіннен Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, өнеркісіп секциясының меңгерушісі болды. VI–VII сайланған ҚазОАК мүшесі.
1927–1937 жылдары Ташкенттегі Қазақ ағарту институтында, Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық институтында, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік және Алматы Кен-металлургия институттарында ұстаздық етіп, кафедра басқарды. Қазақ тіліндегі тұңғыш «Ұлы математика курсы» (1935) оқулығы мен «Қазақ тілінің математика термині» (1936) түсіндірме сөздігінің авторы.
1930–1947 жылдар аралығында «ұлтшыл-алашордашыл» деген айыппен үш рет сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде айдауда болды. 1955 жылы бостандыққа шығып, 1957 жылы толық ақталды. Өмірінің соңғы жылдарында Қарағанды политехникалық институтында математикадан дәріс берді.

Бүгін, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты...
22/05/2026

Бүгін, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен мәдениет және архив саласының бірқатар қызметкерлеріне жаңа пәтер кілттері толық сый ретінде табысталды.
Аталған бастама аясында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің құқықтық-кадрлық жұмыс және құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, «Күміс алқа» иегері Маханова Дамира Жарылқасынқызына 4 бөлмелі жаңа пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Жаңа қоныс кілтін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева табыстады.
Бұл – мемлекетіміздің руханият пен тарихты сақтау жолында еңбек етіп жүрген мамандарға көрсеткен зор құрметінің айқын белгісі. Ұлттың тарихи жадын сақтайтын архив саласында еңбек ететін қызметкерлер еңбегінің Мемлекет басшысы деңгейінде бағалануы – өте жоғары мәртебе.
Жаңа шаңырақ құтты болсын! Отбасыңызға құт-береке, мол бақыт пен шығармашылық шаттық тілейміз!

ҚР ОМА директоры Сәбит Шілдебайдың бұйрығымен Дарубаева Аружан Талғатқызы Архивтік құжаттарды қалпына келтіру және цифрл...
22/05/2026

ҚР ОМА директоры Сәбит Шілдебайдың бұйрығымен Дарубаева Аружан Талғатқызы Архивтік құжаттарды қалпына келтіру және цифрландыру бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Архив директоры осы бөлім басшысы қызметін атқарған Төлебаев Қахарман Дүйсешұлына алғыс білдірді.
Сәбит Қамытбекұлы жаңа басшыға жауапты қызметте сәттілік тілей отырып, жас маманнан архив құжаттарын цифрландыруда үлкен қажыр-қайрат күтетінін жеткізді.

Address

пр-т Абая 39/38
Qazaqstan
050000

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00

Telephone

+77272720377

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ҚР МАМ "Орталық мемлекеттік архив" РММ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to ҚР МАМ "Орталық мемлекеттік архив" РММ:

Share