28/05/2026
Қайталанған ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды
▪️Петропавл қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Сотпен анықталғандай, 2026 жылғы 26 мамырда сағат 23:30 шамасында Петропавл қаласында азамат жанармай құю бекеттерінің бірінің маңындағы қоғамдық орында балағат сөздер айтып, жалаңаш денесімен жолдың жүру бөлігінде жүгіріп жүрген. Осы әрекеттерімен ол қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
▪️Құқық бұзушының әрекеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігімен, яғни әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық ретінде сараланды.
▪️Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындап, құқық бұзушылықтың мән-жайларын растады.
▪️Сот қаулысымен құқық бұзушыға 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
▪️Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Петропавл қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты
t.me/Jogargy_sot
***
За повторное мелкое хулиганство назначен административный арест
▪️Специализированным судом по административным правонарушениям города Петропавловска рассмотрено дело об административном правонарушении по части 2 статьи 434 КоАП РК в отношении гражданина Б.
▪️Судом установлено, что 26 мая 2026 года около 23:30 часов в городе Петропавловске гражданин, находясь в общественном месте возле одной из автозаправочных станций, выражался нецензурной бранью, бегал по проезжей части с оголенным торсом, тем самым нарушил общественный порядок и спокойствие граждан, проявив неуважение к окружающим.
▪️Действия правонарушителя квалифицированы по части 2 статьи 434 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях - мелкое хулиганство, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания.
▪️В судебном заседании гражданин вину признал полностью и подтвердил обстоятельства правонарушения.
▪️Постановлением суда на правонарушителя наложено административное взыскание в виде административного ареста сроком на 30 суток.
▪️Постановление суда вступило в законную силу.
Специализированный суд по административным правонарушениям города Петропавловска
t.me/Jogargy_sot