02/06/2026
📢 Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығында жастармен ерте кәсіби бағдар беру жұмысы аясында кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастарға мемлекеттік қызметші мамандығы, оның маңызы мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы түсіндіру. Қатысушыларға мемлекеттік қызметтің қалай ұйымдастырылатыны, қызметшілерге қойылатын талаптар және жас мамандар үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.
Кездесу еркін диалог форматында өтті, онда жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты қалыптастыруға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етеді.
————————————————
📢 Сегодня в Центре молодежных инициатив прошла встреча с молодежью в рамках ранней профориентационной работы.
Цель мероприятия — рассказать ребятам о профессии государственного служащего, ее значении и возможностях карьерного роста. Участникам объяснили, как устроена государственная служба, какие требования предъявляются к служащим и какие перспективы открываются для молодых специалистов.
Встреча прошла в формате живого диалога, в ходе которого молодежь смогла задать интересующие вопросы и получить развернутые ответы.
Подобные мероприятия помогают формировать интерес к государственной службе и способствуют осознанному выбору будущей профессии.