20/05/2026
✅Павлодар облысы Полиция департаментінің маманының қатысуымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, есірткі құралдарының заңсыз айналымының құқықтық салдары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі дәріханалық нашақорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар және құрамында тропикамид пен оған ұқсас заттары бар дәрілік препараттарды өткізу мәселелері бойынша дәріхана ұйымдарымен өзара іс-қимыл туралы ақпарат берді.
«Заңды сақтау — жай ғана формалдылық емес, ол қоғам сенімінің негізі. Мемлекеттік қызметші қызмет барысында да, күнделікті өмірде де заңға бағынудың үлгісі болуы тиіс», — деп атап өтті Темірғалиева И.
🔗🔗🔗
✅С участием специалиста Департамента полиции Павлодарской области проведён обучающий семинар для сотрудников Департамента Комитета медицинского и фармацевтического контроля по Павлодарской области Министерства здравоохранения Республики Казахстан.
В ходе семинара обсуждены вопросы профилактики наркоправонарушений, правовые последствия незаконного оборота наркотических средств и меры ответственности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
Представитель управления по противодействию наркопреступности проинформировала о проводимой работе по профилактике аптечной наркомании и взаимодействии с аптечными организациями по вопросам реализации лекарственных препаратов, содержащих тропикамид и аналогичные вещества.
«Соблюдение закона — это не формальность, а основа доверия общества. Государственный служащий обязан быть примером законопослушного поведения как на службе, так и в повседневной жизни», — отметила Темиргалиева.