22/05/2026
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Павлодар облысының прокуратурасы сотқа талап қою кезінде заң қызметтері жұмысының тиімділігі, сондай-ақ кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға талап қою мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Бизнес субъектілеріне қатысты наразылық-талап қою жұмыстарындағы және соттарда мемлекеттің мүддесін білдірудегі проблемалық мәселелер талқыланды.
Іс-шара қатысушыларының ұсыныстары тыңдалып, заң қызметтері жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар берілді.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысы облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.