06/08/2024
Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы
2024 жылдың 31 шілдесі күні БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының архив ісі бөлімінің басшысы Л.Туремуратова төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысы барысында облыстық мемлекеттік архивтің толықтыру көзіндегі мекемелер қатысты. Атап айтқанда, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының БҚО филиалы, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№ 4 қалалық емханасы» МКК, «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Жастар мәдениет сарайы» МКҚК-ның архивке жауапты маман өкілдері баяндама жасады. Баяндамаларда, ұйымдарда іс-жүргізу барысы жөнінде, ведомстволық архивтердің орналасуы мен жай-күйі, құжаттардың қалыптасуы, сақталуы және осы бағыттағы жалпы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Комиссия мүшелері сөйлеушілердің ақпаратын қортындылай келіп, аталған мекеме басшыларына ведомстволық архивтерде архив ісін және іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар бөлуді, мекемелерде сақтауда тұрған құжаттардың есептерін жүргізуді және олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізді.
Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарады. Олар: ғылыми-техникалық өңдеу бойынша: Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан аралық соты (2016-2018 жж), Батыс Қазақстан облысы әкімінің апппарты (2009-2013 жж), М.Кужахметовтың жеке тектік қорының құжаттары бекітілді.
Істер номенклатурасының қорытындысы бойынша: Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Орал қалалық санитарлық-эпидемиологоялық бақылау басқармасы» РММ, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы Орал қаласының білім беру бөлімі» ММ, «БҚО бойынша Қазнашылық департаментінің Сырым аудандық қазнашылық басқармасы» РММ -нің істер номенклатурасы келісілді.
Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті бойынша: Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан аралық сотының (2010, 2011, 2013, 2014, 2017, 2021, 2022 жж), Батыс Қазақстан облысы әкімінің апппартының (2009-2013 жж) құжаттары бекітілді.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Орал қалалық санитарлық-эпидемиологоялық бақылау басқармасы» РММ-нің, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы Орал қаласының білім беру бөлімі» ММ -нің, «БҚО бойынша тергеп-тексеру департаменті» РММ-нің, «Forte Bank» АҚ-ның Орал қаласындағы филиалының сараптау комиссиясы туралы және ведомстволық архиві туралы ережелеріне өз келісімін берді.
Келесі СТК-ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 29 тамызында өтеді.
Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі