04/05/2026
🔹Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова «24KZ» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасына қатысты.
Эфир барысында ол 2025 жылғы сот жүйесіндегі кадр саясатының негізгі нәтижелерін таныстырды.
Жанат Оспанованың айтуынша, кадрлық жағдай тұрақтанып, бос лауазымдарды жүйелі түрде қысқарту кезеңіне өту қамтамасыз етілді. Соңғы бес жыл ішінде жүйеде шамамен 350 бос орын сақталып, бұл судьяларға түсетін жүктемені арттырған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 151 жаңа судья тағайындалды. Бұл жаңадан тағайындалған судьялар санының өкілеттігін тоқтатқан судьялар санынан асып түсуін қамтамасыз етті. 2026 жылдың басынан бері тағы 128 судья тағайындалып, бос орындар деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.
Конкурстық рәсімдер оңтайландырылды: оларды өткізу мерзімі 6 айдан 1,5 айға дейін қысқартылды. 2025 жылы 6 конкурс өткізілді (бұған дейін жылына 2-ден аспайтын).
Біліктілік комиссиясының құрамы 40%-ға жаңартылып, отырыстар жиілігі айына 1 реттен 4 ретке дейін арттырылды. Бұл ретте кандидаттарға қойылатын талаптар төмендетілген жоқ, керісінше күшейтілді: 2025 жылы үміткерлердің тек 24,5%-ы ғана біліктілік емтиханынан сәтті өтті.
Кадр саясаты жаңа кандидаттарды, оның ішінде Сот төрелігі академиясының түлектерін тартуға бағытталған.
❗️Спикер сондай-ақ кәсіби, тәуелсіз және жоғары адамгершілік қағидаттарына сай судьялар корпусын қалыптастыру қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтудың негізгі шарты екенін атап өтті.
******
🔹Член Высшего Судебного Совета Жанат Оспанова приняла участие в программе Сұхбат на телеканале «24KZ».
В эфире она представила ключевые результаты кадровой политики судебной системы за 2025 год.
Как отметила Жанат Оспанова, кадровая ситуация стабилизировалась, обеспечен переход к системному сокращению вакантных должностей. На протяжении последних пяти лет в системе сохранялось около 350 вакансий, что увеличивало нагрузку на судей.
В результате принятых мер назначен 151 новый судья, что обеспечило превышение числа вновь назначенных судей над числом судей, прекративших полномочия, с начала 2026 года - уже 128, что позволило существенно снизить уровень вакансий.
Конкурсные процедуры были оптимизированы: сроки их проведения сокращены с 6 до 1,5 месяцев. В 2025 году проведено 6 конкурсов (ранее — не более 2 в год).
Состав квалификационной комиссии обновлён на 40%, увеличена частота заседаний (с 1 до 4 раз в месяц). При этом требования к кандидатам не снижались, а усиливались: в 2025 году лишь 24,5% претендентов успешно прошли квалификационный экзамен.
Кадровая политика ориентирована на привлечение новых кандидатов, в том числе выпускников Академии правосудия.
❗️Спикер также отметила, что формирование профессионального, независимого и высоконравственного судейского корпуса является ключевым условием укрепления доверия общества к судебной системе.