26/03/2026
🇰🇿 Мемлекет басшысы XIV қысқы Паралимпиада ойындарында (Италия) жоғары спорттық жетістіктері үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
🔹 Сондай-ақ, Туризм және спорт министрлігіне қарасты Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жаттықтырушылары Василий Коломиец пен Антон Ждановичке «Парасат» ордені табысталды.
🔹 Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы «Үміт» мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубының жаттықтырушысы Аслан Токбаев «Құрмет» орденімен марапатталды.
✅ Бұл марапаттар елімізде параспортты дамытуға қосылған зор үлес пен халықаралық аренадағы жоғары нәтижелердің айқын дәлелі.