02/08/2024
Аяулы аналар мен арулар!Сіздерді Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 14 - 15 тамыз күндері өтетін «Қызым, саған айтам...» атты ұлттық зияткерлік курсқа қатысуға шақырамыз! Курстың мақсаты: өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды таныстырып, отансүйгіштік сезімдерін жаңғырту.Екі күндік курс барысында қатысушыларға өз саласының білікті мамандары мына тақырыптар бойынша дәрістер оқиды:• Мақал – сөздің мәйегі;• Қыз-келіншектердің ұлттық киімдері;• Қазақтың асыл аналары;• Ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдасы;• Ұлттық ойындардың танымдық бастауы.Сонымен қатар жасөспірім қыз балалар аналарымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеп, психологиялық тренингтерге қатысады және де елімізге танымал тігінші-дизайнерлердің қолөнер шеберлік сағаттарына қатысады.📞 Курсқа тіркелу үшін +7 778 930 2676 телефон нөміріне хабарласыңыз. Ұйымдастырушы: Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығы«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»(c) Мұхтар Әуезов