01/02/2023
#Сиреккітаптарсөйлейді #Кітапмұражайы #ҚРҰАК
САПАРҒАЛИ БЕГАЛИННІҢ ЖАЗБАСЫНАН
АҚЫН ӨМІРІНЕН
Иса Байзақұлы өзімізбен бірге жасасып, күні кеш ғана қатарымыздан кетті. Ол бүкіл Қазақстан жұртшылығына өнерімен, өлеңімен өзін танытқан ақын, замандас еді. Иса әрі ақын, әрі артист, әрі өрісі кең жазушы еді.
Мен Исаны ең алғаш 1925 жылы июнь айының ішінде, Қоянды жәрмеңкесінде көрдім.
Жәрмеңкеге жаздың өте бір көңілді күндерінде басталды. Қызмет ретімен, шаруа жайымен келген алуан түрлі елдің бас үйлер, бірінде ән салынған, бірінде күйсандық ойнаған қызу көлі, күншығыс күрілдеп аққан Талды өзенінің арнасы, оңтүстік, солтүстік, солтүстік қойнау: Қоңыр адыр, Қоянды, Тоқпан шоқылары. Осылардың ортасынан орнаған жәрмеңке орны шалғынды, томарлы көкмайса еді.
Күн еңкейіп қалған кезде тарқап бара жатқан мал базарының қалың тобын қақ жара ерекше бір топ адам түйдектеліп жүйтки берді.
Біз де сол топқа келдік, әлі еш нәрсені көргеміз жоқ. Тек бір айқай, құйындай бұрқыраған бір өлең серпінін аспанға шарықтатады.
Топ ортасынан ашық үлкен автобус, оның үстінде толған адам. Өзге жұрттан ерекше, алып денесімен қажымұқан көрінді. Қасында әртүрлі киінген бірнеше жігіттер бар. Бірақ, елдің өзеурей қарап, өзгеден көрі құмарлана көз тіккені екі адам.
Қолындағы сырлы домбыраны біресе аспандата, біресе шылқыта, үні мен сөзі құйындай жүйіткіген бір жас жігіт ән салып отыр. Бұл жігіттің кім екенін сұрастырғанда, Иса ақын болып шықты. Ол жүріп келе жатқан автомобильдің үстінде домбырамен желдірмені жүйтки соғып, Қажымұқан балуанның күшін, дүние жүзін аралаған өнерін өлеңмен келістіре сипаттап, елдің еркін билеп әкеткендей.
Бұл топтың ішнде Қалибек те бар, Зәрубай да бар. Қалибек жиылған топты шанышпа, тапқыр сөзімен күлдірсе, Зәрубай бірде қоян, бірде жылан болып, сан алуан ойын көрсетіледі. Қажымұқан үстінен үлкен автомобиль жүргізеді, кеудесіне қойып жалпақ сом тасты ұрғызып сындыртады,-деген қолма-қол хабарландыру еді.
Ертеңінде Қажымұқан ойын көрсетті. Қажымұқан әрбір ойынды көрсетерде Иса домбырамен оның жайын түсіндіріп, желдірмеге толғайды. Бір жағынан гармонын құлаши сермеп Майра отырды. Адамның асқан күшті алыбы Қажымұқан, құйындай ұйытқыған ақын Иса, ән асқағы Майра, түйдек бірде бас қосып, Омар мен Қалибектің де күлкі-сықағы араласып, ойын қыза түсті. Осы күннен бастап-ақ, Исаның даңқы елге таралып кеткен еді.
Толығырақ Иса Байзақовтың «Ақбөпе» Таңдамалы шығармалар атты кітабынан оқи аласыздар. ...
Кітап қаза тілінде, кирилл графикасымен берілген.
«Академик Зәки Ахметов» жеке кітап қорынан