28/11/2025
Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының әуе кемелерінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жедел түрде жүргізілуде
Қазіргі уақытта инженерлік қызметтер Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының KC 931 және FS 7063 рейстеріне тартылған екі әуе кемесінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартты.
Қалған әуе кемелерінде жаңарту жұмыстары жоспарлы кезең-кезеңімен жалғасып жатыр және жуық арада толық аяқталады.
Барлық процедуралар Airbus ұшу жарамдылығы жөніндегі директивасына қатаң сәйкестікте, авиакомпаниялар мамандарының, Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің тікелей бақылауымен жүргізілуде.
Барлық қызметтер тәулік бойы жұмылдырылып, жаңарту процесін мүмкіндігінше тез аяқтау және әуе қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатыр.
Авиакомпаниялар ұшу кестесіне әсерін барынша азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Жолаушыларға өз рейстерінің өзекті мәртебесін авиакомпаниялардың ресми ресурстарынан алдын ала тексеріп отыру ұсынылады.
Ұшу қауіпсіздігі - басты басымдық. Жүргізіліп жатқан жұмыстар әуе кемелерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹
На воздушных судах авиакомпаний Air Astana и FlyArystan в ускоренном темпе проводится обновление программного обеспечения
На текущий момент инженерными службами выполнено обновление программного обеспечения на двух воздушных судах авиакомпаний Air Astana и FlyArystan, задействованных на рейсах KC 931 и FS 7063.
Работы по обновлению продолжаются в плановом поэтапном режиме на остальных воздушных судах и будет завершено в ближайшие дни
Все процедуры выполняются в строгом соответствии с директивой лётной годности Airbus и под непосредственным контролем специалистов авиакомпаний, Комитета гражданской авиации и Авиационной администрации Казахстана.
Все службы задействованы и работают в круглосуточном режиме, чтобы завершить процесс обновления как можно быстрее и обеспечить полную безопасность полётов.
Авиакомпании принимают меры для минимизации влияния на расписание.
Пассажирам рекомендуем сохранять спокойствие и заранее проверять актуальный статус своих рейсов на официальных ресурсах авиакомпаний.
Безопасность полётов остаётся главным приоритетом, и данные работы направлены исключительно на повышение уровня надёжности воздушных судов.