01/06/2026
Наумова әлеуметтік кәсіпкерлерге қатысты реформалардың созылып кеткені үшін мемлекеттік органдарды сынға алды
Respublica партиясы фракциясының кеңейтілген отырысынан кейін әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері бойынша жұмыс кездесулері жалғасып жатыр. Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен кезекті талқылауды Мәжіліс депутаты Динара Наумова өткізді.
Кездесуге Қаржы министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген әлеуметтік кәсіпкерлер қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыбы — әлеуметтік кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде кездесетін кедергілері болды. Кездесуге қатысушылардың айтуынша, бүгінде көптеген қолдау тетіктері тек формалды түрде ғана бар және әсіресе өңірлерде толыққанды жұмыс істемейді.
Кәсіпкерлер мемлекеттік тапсырыс талаптарының тым жоғары екенін, нақты жеңілдіктердің жоқтығын, мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастырудағы қиындықтарды және ақпараттық қолдаудың жеткіліксіздігін айтты. Сонымен қатар, кездесуде әлеуметтік бизнес іс жүзінде мемлекеттің бірқатар функциясын өз мойнына алып отырғаны атап өтілді - олар әлеуметтік осал топтарға жұмыс орындарын ашып, оңалту мен әлеуметтік бейімдеу мәселелерін шешуге көмектесіп келеді.
«Біз бұл мәселені онлайн да, офлайн да, түрлі алаңдарда бірнеше айдан бері талқылап келеміз. Бірақ, өкінішке қарай, бәрі сөз жүзінде қалып отыр. Енді нақты әрекет пен шешімдерге көшуіміз қажет», — деді Динара Наумова.
Кездесу қорытындысы бойынша Қаржы министрлігі мемлекеттік органдармен және сала өкілдерімен бірлесіп, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды пысықтауға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған нақты түзетулер мен тетіктерді жұмыс тобы аясында әзірлеу мәселесі көтерілді.
*****
Наумова подняла вопрос затянувшихся решений по поддержке социального предпринимательства
Серия рабочих встреч по вопросам социального предпринимательства продолжается после расширенного заседания фракции партии Respublica. Очередное обсуждение с участием государственных органов и представителей социального бизнеса провела депутат Мажилиса Динара Наумова.
Во встрече приняли участие представители Министерства финансов, Министерства труда и социальной защиты населения, Министерства национальной экономики, а также социальные предприниматели из разных регионов страны.
Главной темой обсуждения стали барьеры, с которыми сталкиваются социальные предприниматели при участии в госзакупках. По словам участников встречи, многие меры поддержки сегодня существуют лишь формально и особенно слабо работают в регионах.
Предприниматели заявили о высоких требованиях к госзаказу, отсутствии реальных преференций, сложностях с трудоустройством людей с инвалидностью и нехватке информационной поддержки. При этом, как отмечалось на встрече, социальный бизнес фактически берет на себя часть функций государства — создает рабочие места для социально уязвимых категорий граждан и помогает решать вопросы реабилитации и социальной адаптации.
«Мы уже не первый месяц обсуждаем этот вопрос — в онлайн-формате, офлайн, на разных площадках. Но, к сожалению, всё остается на уровне разговоров. Сейчас нам нужно переходить к конкретным действиям и решениям», — заявила Динара Наумова.
По итогам встречи Министерство финансов выразило готовность совместно с госорганами и представителями отрасли проработать предложения по совершенствованию системы госзакупок. Также был поднят вопрос подготовки конкретных поправок и механизмов поддержки социальных предпринимателей для обсуждения на рабочей группе.