02/06/2026
🤝 Аккредиттеу жөніндегі форум аясында «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (ҰАО) мен Беларусь мемлекеттік аккредиттеу орталығының (БГЦА) өкілдері арасында екіжақты кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар аккредиттеу органдарының қызметінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді дамыту және жетілдіру мәселелерін талқылап, процестерді цифрландыру бойынша тәжірибе алмасты.
Аккредиттеу жөніндегі бағалаушылар мен сарапшы-аудиторларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар бірлескен оқыту іс-шараларын ұйымдастыру мүмкіндіктерін, оның ішінде тәжірибелік көшпелі тағылымдамаларды және мамандардың бағалау рәсімдеріне бақылаушы ретінде қатысуын қарастырды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және сарапшылардың құзыреттілігін нығайтуға әрі ұлттық аккредиттеу жүйелерін жетілдіруге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
________
🤝 На полях Форума по аккредитации состоялась двусторонняя встреча представителей РГП «Национальный центр аккредитации» (НЦА) и Белорусского государственного центра аккредитации (БГЦА).
В ходе встречи стороны обсудили вопросы развития и совершенствования информационных систем, применяемых в деятельности органов по аккредитации, а также обменялись опытом в области цифровизации процессов.
Особое внимание было уделено вопросам подготовки оценщиков и экспертов-аудиторов по аккредитации, а также повышению их квалификации. Стороны рассмотрели возможности организации совместных обучающих мероприятий, включая практические выездные стажировки и участие специалистов в процедурах оценки в качестве наблюдателей.
По итогам переговоров стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем развитии сотрудничества, расширении профессиональных контактов и реализации совместных инициатив, направленных на укрепление компетентности экспертов и совершенствование национальных систем аккредитации.