АО "Фонд науки"

АО "Фонд науки" Содействие развитию приоритетных, инициативных и опытно–конструкторских работ. Оператор по грантовому финансированию.

Содействие развитию приоритетных, инициативных, рисковых исследований и опытно–конструкторских работ

24/06/2026

Ғылым қорының гранттық қаржыландыруы аясында «Балауса» фирмасы» ЖШС «Ванадийлік ағынды аккумуляторларға арналған ванадийдің аралас оксидтерін алу технологиясын әзірлеу» жобасын іске асыруда.

Жоба энергетика саласы үшін маңызды технологияны дамытуға бағытталған. Ванадийлі ағынды аккумуляторлар энергияны жинақтау және ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады. Мұндай шешімдер өндіріс пен жаңартылатын энергетика үшін өзекті.

Жоба нәтижесінде ванадий пентоксидін алу технологиясы өнеркәсіптік деңгейде әзірленіп, өндіріске енгізілді. Сонымен қатар ванадий өнімдерін қажетті сапаға дейін тазарту тәсілдері пысықталды.

Зертханалық жағдайда ванадийдің аралас оксидтері мен ванадий электролитін алу технологиялары әзірленді. Ванадийлі ағынды аккумуляторлармен ғылыми жұмыс жүргізуге арналған зертханалық база дайындалды.

Жоба нақты коммерциялық нәтиже көрсетті. Ванадий өнімдері нарыққа шығарылып, жоғары сатылымға ие болды. Бұл отандық ғылыми әзірлемелердің өндірісте қолданылып, нақты экономикалық әсер бере алатынын көрсетеді.

Ғылым қоры қолдау көрсеткен бұл жоба ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтудің нақты мысалы. Осындай жобалар еліміздің технологиялық әлеуетін арттырып, энергетика саласында жаңа шешімдердің қалыптасуына жол ашады.

В рамках грантового финансирования Фонда науки ТОО «Фирма «Балауса» реализует проект «Разработка технологии получения смешанных оксидов ванадия для ванадиевых проточных аккумуляторов».

Проект направлен на развитие важной технологии для энергетики. Ванадиевые проточные аккумуляторы применяются для накопления и длительного хранения энергии. Такие решения востребованы для промышленности и возобновляемой энергетики.

В результате проекта разработана и внедрена в промышленном масштабе технология получения пентоксида ванадия. Также отработаны подходы по очистке ванадиевого сырья до качества, необходимого для дальнейшего производства электролита.

В лабораторных условиях разработаны технологии получения смешанных оксидов ванадия и ванадиевого электролита. Подготовлена лабораторная база для проведения научных работ с ванадиевыми проточными аккумуляторами.

Проект показал конкретный коммерческий результат. Ванадиевая продукция была выведена на рынок и продемонстрировала высокие продажи. Это пример того, как научная разработка при поддержке Фонда науки доходит до производства и дает практический эффект для экономики.

«Chemical Engineering» ЖШС  директоры Роман Сырцов 24KZ телеарнасының эфирінде «Бифторид аммонийін өндірудің жаңа технол...
22/06/2026

«Chemical Engineering» ЖШС директоры Роман Сырцов 24KZ телеарнасының эфирінде «Бифторид аммонийін өндірудің жаңа технологиясын коммерцияландыру (өндірісті қайта жабдықтау)» жобасының іске асырылуы туралы баяндады. Әңгіме барысында спикер әзірленген технологияның артықшылықтарын атап өтіп, жобаны жүзеге асыру барысы мен отандық химиялық өндірісті дамыту перспективаларын сипаттады. Толығырақ мына сілтеме бойынша: https://24.kz/ru/tv-projects/gost-dnya/774344-innovatsii-v-oblasti-khimicheskoj-promyshlennosti-roman-syrtsov

Соучредитель и директор ТОО Chemical Engineering Роман Сырцов в эфире телеканала 24KZ рассказал о реализации проекта «Коммерциализация новой технологии производства бифторида аммония (дооснащение производства)». В ходе беседы спикер отметил преимущества разработанной технологии, рассказал о ходе реализации проекта и перспективах развития отечественного химического производства. Подробности по ссылке: https://24.kz/ru/tv-projects/gost-dnya/774344-innovatsii-v-oblasti-khimicheskoj-promyshlennosti-roman-syrtsov

Инновации в химической промышленности: соучредитель и директор по стратегическому развитию и коммерциализации Роман Сырцов рассказывает о развитии отрасли.

Ғылым қоры Бішкекте өткен халықаралық конференцияда Қазақстанның ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тәжірибесін таныс...
15/06/2026

Ғылым қоры Бішкекте өткен халықаралық конференцияда Қазақстанның ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тәжірибесін таныстырды

2026 жылғы 15 маусымда Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) Қазақстан Республикасының «Ғылым қоры» АҚ мен Қырғыз Республикасы Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігінің қолдауымен «Лицензиялық қоғам» халықаралық қоғамдық ұйымы ұйымдастырған «Зияткерлік меншік ЕАЭО елдеріндегі бизнес пен экономиканың өсу құралы ретінде» халықаралық конференциясы өтті.

Конференция Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары, халықаралық ұйымдары, ғылыми қауымдастығы, жоғары оқу орындары, патенттік ведомстволары мен бизнес өкілдері арасындағы кәсіби диалог алаңына айналды. Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, зияткерлік меншік, инновациялар және технологиялық кәсіпкерлік салаларындағы үздік тәжірибелермен алмасуға бағытталды.

Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар ЕАЭО елдеріндегі зияткерлік меншік жүйесін дамыту, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктері, технологияларды лицензиялау және трансферттеу тәжірибесі, сондай-ақ технологиялық бизнесті дамытудағы патенттер мен өзге де зияткерлік меншік объектілерінің рөлі мәселелерін талқылады. Сонымен қатар жасанды интеллект технологияларын пайдаланудың құқықтық аспектілеріне, оның ішінде зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды қорғау және оларды коммерциялық пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Патенттер, инновациялар және технологиялық даму» сессиясы аясында «Ғылым қоры» АҚ Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директоры Айжан Жексембаева баяндама жасады. Өз сөзінде ол ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының тәжірибесін таныстырып, коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландырудың қолданыстағы тетіктері, сондай-ақ отандық әзірлемелер мен технологияларды нарыққа ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

Баяндамада әзірлемелердің технологиялық дайындық деңгейін арттыру, ғылым мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, инновациялық жобаларға жеке инвестицияларды тарту және технологиялар трансферті саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, зияткерлік меншікті басқару саласындағы үздік тәжірибелермен алмасудың және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мен ЕАЭО елдерінде инновациялық экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Фонд науки представил опыт Казахстана по коммерциализации научных разработок на международной конференции в Бишкеке

15 июня 2026 года в городе Бишкеке (Кыргызская Республика) состоялась международная конференция «Интеллектуальная собственность как инструмент роста бизнеса и экономики в странах ЕАЭС», организованная Международной общественной организацией «Лицензионное общество» при поддержке АО «Фонд науки» Республики Казахстан и Министерства науки, высшего образования и инноваций Кыргызской Республики.

Конференция стала площадкой для профессионального диалога между представителями государственных органов, международных организаций, научного сообщества, университетов, патентных ведомств и бизнеса стран Евразийского экономического союза. Мероприятие было направлено на развитие международного сотрудничества и обмен лучшими практиками в сфере интеллектуальной собственности, инноваций и технологического предпринимательства.

В рамках деловой программы участники обсудили вопросы развития системы интеллектуальной собственности в странах ЕАЭС, механизмы коммерциализации результатов научной и научно-технической деятельности, практики лицензирования и трансфера технологий, а также роль патентов и иных объектов интеллектуальной собственности в развитии технологического бизнеса. Отдельное внимание было уделено правовым аспектам использования технологий искусственного интеллекта, включая вопросы защиты прав на результаты интеллектуальной деятельности и их коммерческого использования.

От имени АО «Фонд науки» в рамках сессии «Патенты, инновации и технологическое развитие» выступила директор Департамента инвестиций и новых проектов Айжан Жексембаева. В своем докладе она представила опыт Республики Казахстан по поддержке коммерциализации результатов научной и научно-технической деятельности, рассказала о действующих механизмах грантового финансирования проектов коммерциализации, а также о мерах государственной поддержки, направленных на продвижение отечественных разработок и технологий на рынок.

Особое внимание было уделено вопросам повышения уровня технологической готовности разработок, укрепления взаимодействия науки и бизнеса, привлечения частных инвестиций в инновационные проекты и расширения международного сотрудничества в сфере трансфера технологий.

По итогам конференции участники отметили важность дальнейшего укрепления регионального сотрудничества, обмена лучшими практиками в области управления интеллектуальной собственностью, а также формирования благоприятных условий для коммерциализации научных разработок и развития инновационной экономики стран ЕАЭС.

15/06/2026

«ADAM manufacturing» ЖШС Ғылым қорының гранттық қолдауы аясында ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған айналмалы жаңбырлатып суару машиналарының жетегін жаңғырту жобасын жүзеге асыруда.

Жоба инновациялық ресурс үнемдейтін композиттік материалдарды қолдана отырып, отандық өндірісті дамытуға бағытталған. Мұндай шешім аграрлық секторда су ресурстарын тиімді пайдалануға, суару жүйелерінің өнімділігін арттыруға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Компания айналмалы жаңбырлатып суару машиналарын өндіру желісін іске қосып, негізгі бөлшектер мен тораптарды дайындау технологиясын жолға қойды. Сондай-ақ полимербетоннан жасалған дөңгелек редукторы корпусының технологиясы әзірленіп, тәжірибелік үлгісі алдын ала стендтік сынақтан өтті. Жоба аясында ҚР патентіне өтінім берілді.

Жоба нақты нарықтық сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр.

ТОО «ADAM manufacturing» при грантовой поддержке Фонда науки реализует проект по модернизации привода дождевальных машин для орошения сельскохозяйственных культур с применением инновационных ресурсосберегающих композитных материалов.

Проект направлен на создание отечественного производства дождевальных машин кругового типа. Такое решение важно для аграрного сектора, поскольку позволяет повысить эффективность использования водных ресурсов, развивать собственные инженерные компетенции и снижать зависимость от импортного оборудования.

Компания уже создала линию производства дождевальных машин кругового действия и отработала технологию изготовления основных деталей и узлов. Отдельным результатом стала разработка технологии корпуса колесного редуктора из полимербетона. Опытный образец прошел предварительные стендовые испытания, также подана заявка на патент РК.

Проект показывает практическую востребованность и коммерческий потенциал.

10/06/2026

Ғылым қорының гранттық қаржыландыруының арқасында тіс емдеу саласындағы цифрлық шешімдерді дамытуға бағытталған жоба жүзеге асырылуда.

«SanaMed» ЖШС жасанды интеллект негізінде стоматологиялық рентген-суреттерді талдауға арналған «AIdentis» платформасын әзірлеуде. Жүйе диагностиканың дәлдігін арттыру және суреттерді өңдеу уақытын қысқарту үшін нейрондық желілер мен машиналық оқыту технологияларын пайдаланады.

Бүгінде команда платформаның жетілдірілген прототипін әзірледі. Шешім бастапқы сынақтардан өтіп, таңдалған тәсілдің тиімділігін көрсетті.

Жобаның тіс емдеу саласын цифрландырудағы қолданбалы маңызы зор. Болашақта мұндай платформа дәрігерлерге ауыз қуысы ауруларын жылдам анықтауға, нақты және дұрыс қорытындылардың санын ұлғайтуға, емдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

В рамках гранта Фонда науки реализуется проект, направленный на развитие цифровых решений в стоматологии.

ТОО «SanaMed» разрабатывает платформу «AIdentis» для анализа стоматологических рентген-снимков на основе искусственного интеллекта. Система использует нейронные сети и машинное обучение, чтобы повысить точность диагностики и ускорить обработку снимков.
Сегодня команда уже создала продвинутый прототип платформы. Решение прошло первичные тесты и показало эффективность выбранного подхода.
Проект имеет прикладное значение для цифровизации стоматологии. В перспективе такая платформа может помочь врачам быстрее выявлять заболевания полости рта, снижать риск ошибочных заключений и повышать качество лечения пациентов.

08/06/2026

«EvrazEx» ЖШС Ғылым қорының гранттық қолдауы аясында мұнай-газ секторында сумен жабдықтауды оңтайландыруға және энергия тиімділігін арттыруға арналған полимерлі жұмсақ резервуарлардың тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін құру жобасын жүзеге асыруда.
Жоба жұмсақ резервуарлар, су толтырылатын бөгеттер және сұйықтық сақтауға әрі тасымалдауға арналған арнайы өнімдер шығаруға бағытталған. Мұндай өнім мұнай-газ саласында, ауыл шаруашылығында, су тасқынына қарсы қорғаныс жұмыстарында, сондай-ақ сұйық жүктерді сақтау және тасымалдау кезінде сұранысқа ие.
Компания өндірісті іске қосып, әзірлемені нақты нарыққа алып шықты. Бүгінде бұл полимерлі өнімдер тапсырыс берушілерге жеткізіліп, ішкі нарықта өз орнын қалыптастырып келеді. Жобаның тағы бір маңызды нәтижесі - өнімнің шетелдік нарықтарға шыға бастауы. Қазір компания Әзербайжан мен Өзбекстан нарықтарына шығып, отандық технологиялық өнімнің экспорттық әлеуетін көрсетіп отыр.
Жоба жоғары сатылым көрсетіп, әзірлеменің коммерциялық әлеуетін дәлелдеп отыр. Бұл отандық технологиялық өнімдердің тек ішкі нарықта ғана емес, шетелдік нарықтарда да бәсекеге қабілетті бола алатынын көрсетеді.

ТОО «EvrazEx» при грантовой поддержке Фонда науки реализует проект по созданию опытно-промышленного производства полимерных мягких резервуаров для оптимизации водоснабжения и повышения энергоэффективности в нефтегазовом секторе.
Проект направлен на выпуск мягких резервуаров, водоналивных дамб и емкостей различного назначения. Такая продукция востребована в нефтегазовой отрасли, сельском хозяйстве, противопаводковой защите, а также при хранении и транспортировке жидких грузов.
Компания наладила производственные процессы, начала выпуск продукции и вышла на реальные поставки. Полимерные мягкие резервуары уже находят применение на внутреннем рынке. Отдельным результатом стало развитие партнерской сети за пределами страны, включая рынки Азербайджана и Узбекистана.
Проект уже демонстрирует высокие продажи и подтверждает коммерческий потенциал разработки. Это показывает, что казахстанские технологические продукты могут быть конкурентоспособными не только внутри страны, но и на зарубежных рынках.

📍 Петропавл қаласында «Ғылым мен бизнес – Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік өсімінің негізі: 2026–2028» өңірлік стра...
05/06/2026

📍 Петропавл қаласында «Ғылым мен бизнес – Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік өсімінің негізі: 2026–2028» өңірлік стратегиялық сессиясы аяқталды

2026 жылғы 3–5 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысында Kozybayev University базасында ғылым, бизнес, мемлекеттік органдар және даму институттарының өкілдерін біріктірген ғылыми-іскерлік хакатон форматындағы «Ғылым мен бизнес – Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік өсімінің негізі: 2026–2028» атты өңірлік стратегиялық сессия өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдің технологиялық дамуы мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін ғылыми қауымдастық пен кәсіпкерлік сектор арасында тұрақты әріптестік орнату.

Стратегиялық сессия жұмысына өңірдің 50-ден астам кәсіпорнының өкілдері, жетекші ғалымдар, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, «Ғылым қоры» АҚ-ның, Еуропалық қайта құру және даму банкінің, сондай-ақ Kozybayev University өкілдері қатысты.

Үш күн бойы қатысушылар агроөнеркәсіптік кешен мен өнеркәсіп салаларындағы өзекті мәселелерді талқылап, ғылым мен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады және бірлескен ғылыми-технологиялық жобаларды әзірледі. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын әртараптандыру, машина жасау саласын дамыту, дәлме-дәл егіншілік технологияларын енгізу, өндірісті цифрландыру, селекциялық бағдарламаларды жетілдіру, су ресурстарын тиімді пайдалану және өндірістік процестердің өнімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Стратегиялық сессияның екінші күні «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арман Ашкин Қазақстандағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың табысты тәжірибелерімен таныстырып, ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге бағытталған жобаларды қолдаудың қолданыстағы тетіктері туралы баяндады.

Іс-шара қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және кәсіпорындардың технологиялық жаңғыруына бағытталған бірқатар ғылыми жобалар әзірленіп, таныстырылды. Қатысушылар әлеуетті серіктестерді, өзара іс-қимыл тетіктерін және бастамаларды іске асырудың келесі қадамдарын айқындады. Бұл жобалар өңір экономикасының тұрақты өсуіне, қосылған құны жоғары өндірістерді дамытуға және Солтүстік Қазақстан облысының технологиялық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.

«Ғылым қоры» АҚ ғылым мен бизнестің тиімді өзара іс-қимылын дамыту, технологияларды коммерцияландыру жобаларын қолдау және Қазақстан өңірлерінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін инновациялық экожүйені қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.

📍 В Петропавловске завершилась региональная стратегическая сессия «Наука и бизнес – основа регионального роста СКО: 2026–2028»

С 3 по 5 июня 2026 года в Северо-Казахстанской области на базе Kozybayev University состоялась региональная стратегическая сессия в формате научно-делового хакатона, объединившая представителей науки, бизнеса, государственных органов и институтов развития. Цель мероприятия – формирование устойчивого партнерства между научным сообществом и предприятиями региона для разработки и реализации проектов, направленных на технологическое развитие и повышение конкурентоспособности экономики Северо-Казахстанской области.

В работе сессии приняли участие более 50 предприятий региона, ведущие ученые, представители акимата Северо-Казахстанской области, АО «Фонд науки», Европейского банка реконструкции и развития и Kozybayev University.

В течение трех дней участники обсуждали актуальные вызовы агропромышленного комплекса и промышленности региона, определяли перспективные направления сотрудничества и разрабатывали совместные научно-технологические проекты. Особое внимание было уделено вопросам диверсификации растениеводства, животноводства и машиностроения, внедрению технологий точного земледелия, цифровизации производства, развитию селекционных программ, рациональному использованию водных ресурсов и повышению эффективности производственных процессов.

В рамках второго дня Председатель Правления АО «Фонд науки» Арман Ашкин представил успешные кейсы коммерциализации результатов научной и научно-технической деятельности в Казахстане, а также рассказал о действующих механизмах поддержки проектов, ориентированных на внедрение научных разработок в реальный сектор экономики.

Итогом стратегической сессии стала разработка и презентация региональных научных проектов, ориентированных на решение актуальных задач бизнеса и региона. Участники определили потенциальных партнеров, механизмы взаимодействия и дальнейшие шаги по реализации инициатив, способных обеспечить устойчивый экономический рост и повышение технологической конкурентоспособности Северо-Казахстанской области.

АО «Фонд науки» продолжает системную работу по развитию взаимодействия науки и бизнеса, поддержке проектов коммерциализации технологий и формированию инновационной экосистемы, способствующей устойчивому социально-экономическому развитию регионов Казахстана.

04/06/2026

Ғылым қорының гранттық қаржыландыруы аясында Астана қаласында «Research&Development орталығы «Қазақстан инжиниринг» ЖШС экономиканың түрлі салаларына арналған отандық ұшқышсыз авиациялық кешендерді өндіру жобасын жүзеге асыруда.

Нарыққа қазақстандық әзірлеме негізінде жасалған ұшқышсыз авиациялық кешендер шығарылды. Бұл аппараттар жер және орман ресурстарын мониторингтеуге, аумақтарды картографиялауға, инфрақұрылым нысандарын бақылауға, құбыр желілерінің, электр беру желілерінің, құрылыс объектілерінің жай-күйін қадағалауға, сондай-ақ көлік және логистика салаларында пайдалануға арналған.

Технологияны одан әрі дамыту аясында ұшқышсыз кешендердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа техникалық шешімдерге патенттер алынды.

Әзірлеме табысты коммерцияландырылып, нарықта жоғары сұранысқа ие болып отыр. Компания өнімнің түрлі модификацияларын шығаруды жалғастырып, оны қолдану аясын кеңейтуде және отандық технологиялардың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуда.

В рамках грантового финансирования Фонда науки в Астане реализуется проект ТОО «Research&Development центр «Казахстан инжиниринг» по производству отечественных беспилотных авиационных комплексов для различных сфер экономики.

На рынок выведены беспилотные авиационные комплексы казахстанской разработки. Аппарат используется для мониторинга земельных и лесных ресурсов, картографирования территорий, наблюдения за объектами инфраструктуры, контроля состояния трубопроводов, линий электропередачи, строительных объектов, а также в транспортной и логистической отраслях.

В рамках дальнейшего развития технологии получены патенты на новые технические решения, направленные на расширение функциональных возможностей беспилотных комплексов.

Разработка успешно коммерциализирована и демонстрирует высокий спрос на рынке. Компания продолжает выпуск различных модификаций продукции, расширяя сферы ее применения и укрепляя позиции отечественных технологий.

📢 « Зияткерлік меншік ЕАЭО елдеріндегі бизнесті және экономиканы дамыту құралы ретінде » халықаралық конференциясына қат...
03/06/2026

📢 « Зияткерлік меншік ЕАЭО елдеріндегі бизнесті және экономиканы дамыту құралы ретінде » халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз
2026 жылғы 15 маусымда Бішкек қаласында Халықаралық лицензиялау қоғамы ұйымдастыруымен, Ғылым қоры мен Қырғыз Республикасының Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігінің қолдауымен халықаралық конференция өтеді.
Конференция зияткерлік меншікті қорғау, басқару және коммерцияландырудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ оның ЕАЭО елдеріндегі инновацияларды, бизнесті және экономиканы дамытудағы рөлін талқылайтын алаңға айналады.
Қатысушылардың назарындағы негізгі тақырыптар:
▫️ өңірлік нарықта тауар белгілері мен брендтерді қорғау;
▫️ технологияларды лицензиялау және инвестициялар тарту;
▫️ патенттік қорғау және халықаралық нарықтарға шығу;
▫️ университеттік және өнеркәсіптік әзірлемелерді коммерцияландыру;
▫️ цифрлық ортадағы контрафактілік өнімдер мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл;
▫️ жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншік.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, патенттік ведомстволардың, ғылыми және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ зияткерлік меншік саласының жетекші сарапшылары қатысады.
Конференцияға қатысу – ЕАЭО елдеріндегі зияткерлік меншіктің қазіргі даму үрдістерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
📍 Бішкек, Қырғыз Республикасы
📅 2026 жылғы 15 маусым
Тіркелу: https://conference.les-russia.org/


📢 Приглашаем принять участие в международной конференции «Интеллектуальная собственность как инструмент роста бизнеса и экономики в странах ЕАЭС»
15 июня 2026 года в Бишкеке состоится международная конференция, организованная МОО «Лицензионное общество» при поддержке Фонда науки и Министерства науки, высшего образования и инноваций Кыргызской Республики.
Конференция станет площадкой для обсуждения актуальных вопросов защиты, управления и коммерциализации интеллектуальной собственности, а также ее роли в развитии инноваций, бизнеса и экономики стран ЕАЭС.
В центре внимания участников:
▫️ защита товарных знаков и брендов на региональном рынке;
▫️ лицензирование технологий и привлечение инвестиций;
▫️ патентная защита и выход на международные рынки;
▫️ коммерциализация университетских и промышленных разработок;
▫️ противодействие контрафакту и нарушениям в цифровой среде;
▫️ интеллектуальная собственность в эпоху искусственного интеллекта.
В мероприятии примут участие представители государственных органов, международных организаций, патентных ведомств, научного и бизнес-сообщества, а также ведущие эксперты в сфере интеллектуальной собственности.
Участие в конференции — это возможность обсудить современные тенденции развития интеллектуальной собственности в странах ЕАЭС, обменяться опытом и установить новые профессиональные контакты.
📍 Бишкек, Кыргызская Республика
📅 15 июня 2026 года
Регистрация: https://conference.les-russia.org/

Address

пр. Тәуелсіздік, 41, БЦ «Silk Way Center», 4 этаж
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77172768554

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when АО "Фонд науки" posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to АО "Фонд науки":

Shortcuts

Share