03/06/2026
ЖАС МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы базасында мемлекеттік қызметке алғаш кірген мамандарға арнайы дәріс ұйымдастырылды.
Дәрісті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жасұлан Шынтасов жүргізді. Ол мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурстарға жаңа іріктеу жобасының мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қатысушылармен тәжірибесімен бөлісті.
Дәріс барысында келесі тақырыптар кеңінен қамтылды:
- Мемлекеттік қызметтің бүгінгі жағдайы;
- Іріктеу және мансаптық өсу жүйесін жетілдіру;
- Мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі;
- Әлеуметтік кепілдіктер;
- Жеке даму мүмкіндіктері мен қоғамдық маңыздылық;
Сонымен қатар, «E-qyzmet» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу талаптары, деректерді уақтылы жаңарту міндеттері, және жаңа мүмкіндіктері туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.
Кездесу соңында қатысушылар өз сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Сондай-ақ, әдістемелік құралдар таратылып, кәсіби қызметке қажетті практикалық кеңестер берілді.
МОЛОДЫМ СПЕЦИАЛИСТАМ РАЗЪЯСНИЛИ НОВЫЕ ТРЕБОВАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ
Сегодня на базе областного филиала Академии государственного управления при Президенте РК для специалистов, впервые поступивших на государственную службу, была организована специальная лекция.
Лекцию провёл руководитель управления Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Кызылординской области Жасұлан Шынтасов. Он подробно разъяснил содержание нового проекта отбора на объявленные конкурсы на государственные административные должности, а также поделился своим опытом с участниками.
В ходе лекции были широко освещены следующие темы:
текущее состояние государственной службы;
совершенствование системы отбора и карьерного роста;
порядок прохождения государственной службы;
социальные гарантии;
возможности личного развития и общественная значимость.
Кроме того, была представлена важная информация о требованиях к работе в информационной системе «E-qyzmet», обязанностях по своевременному обновлению данных, а также о её новых возможностях.
В завершение встречи участники задали свои вопросы и получили конкретные ответы. Также были распространены методические материалы и даны практические рекомендации, необходимые для профессиональной деятельности.