30/09/2021
Құрметті пайдаланушылар!
Сіздерді шын жүректен 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз!
Қария – ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, біз де өздеріңізді сондай деп білеміз. Ақсақал-әжелер – халықтың тұнып тұрған хаты. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті.
Ал үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың орны біз үшін бөлек. Себебі, еліміздің өсіп-өркендеуіне әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым мен парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
Қарттары бар ел – бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін!
Құрметті зейнеткерлер, дендеріңізге саулық, отбасы-әулеттеріңізге амандық, Отанымызға бақ-береке тілейміз!
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі
Уважаемые пользователи!
От всей души поздравляем вас с Международным днем пожилого человека!
Сегодня, в первый день октября, мы чествуем наших дорогих и любимых родителей, бабушек и дедушек, кому-то выпала честь поздравить даже прабабушек и прадедушек. Вы – наши самые мудрые, опытные, любимые и родные, именно к вам мы идем за советом и поддержкой, вашей энергией и оптимизмом заряжаемся.
Возраст – это не ограничение, а лишь ступенька к новым возможностям. Вы уже научились видеть жизнь по-настоящему, каждый день концентрироваться на главном, понимать суть, не бояться ошибок. И мы учимся этому у вас.
Неслучайно говорят, что возраст измеряется не годами, а состоянием души. Хотим пожелать, чтобы ваша душа всегда оставалась молодой и прекрасной! Здоровья, радости от любимых дел, бодрости. Пусть вас никогда не посещает уныние, а рядом будут люди, которым вы не безразличны.
Хочется пожелать, чтобы этот осенний день люди старшего поколения провели в кругу родных и близких, были здоровы и счастливы!
Отдел информационно-библиографического обеспечения