29/11/2024
ЖЕЛТОҚСАН: КӨКШЕТАУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТІЛЕР
1919 жылы 11 желтоқсанда медициналық, санитарлық-эпидемиялық және фармацевтикалық бөлімшелері бар уездік денсаулық сақтау бөлімі құрылды, оның басшысы болып дәрігер М.Н.Глаголев тағайындалды.
2003 жылы 12 желтоқсанда Н.Назарбаев даңғылында (бұрынғы Горький көшесі) 1979-89 жылдары Ауған соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды.
2011 жылғы 6 желтоқсанда Т.Досмағамбетов атындағы скверде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Досмағамбетовтың (1940 - 2001 жж.) бюстінің ашылу салтанаты өтті.
2023 жылы 7 желтоқсан күні «Көкшетау» МС қазақ эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері» Роза Қуанышқызы Рымбаеваның шығармашылығына 50 жыл толуына орай, ән кеші өтті. Концертте халық әртісімен бірге оның талантты ұлдары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев барша халыққа танымал тамаша туындыларды орындады. Шығармашылық кеш Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония симфониялық оркестрінің, «Гәкку» және «Аманат» би ансамбльдерінің сүйемелдеуімен өтті.
ДЕКАБРЬ: ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ О КОКШЕТАУ
11 декабря 1919 года образован уездный отдел здравоохранения с медицинским, санитарно-эпидемическим и фармацевтическим подотделами, руководителем которого был назначен врач М.Н.Глаголев.
12 декабря 2003 года по проспекту Н.Назарбаева (ранее улице Горького) состоялось открытие памятника воинам, погибшим во время войны в Афганистане в 1979-89 гг.
6 декабря 2011 года в Кокшетау в сквере имени Т.Досмагамбетова состоялось открытие бюста заслуженного деятеля искусств Казахстана, лауреата Государственной премии Тулегена Досмагамбетова (1940- 2001 гг).
7 декабря 2023 года в ДК «Кокшетау» концерт Народной артистки Казахстана, лауреата Государственной премии РК, «Қазақстанның Еңбек Ері» Розы Куанышевны Рымбаевой, посвященный 50-летию ее творческой деятельности. На вечере вместе с Розой Куанышевной выступили ее талантливые сыновья Али Окапов и Мади Рымбаев. Концерт шел в сопровождении симфонического оркестра Акмолинской областной филармонии имени Укили Ыбырай, ансамблей танца «Гакку» и «Аманат».