03/06/2026
Көкшетау қаласында «Көкшетау Энерго» ЖШС аумағында жаңа «Шамшырақ» аллеясының ашылу рәсімі өтті. Кәсіпорын басшылығының қолдауымен жүзеге асқан бұл бастама жайлы қалалық ортаны дамытуға қосылған тағы бір маңызды үлес болды.
Жаңа аллея кәсіпорын қызметкерлері, көршілес тұрғын үй кешенінің тұрғындары және жалпы шағын аудан халқы үшін демалыс, серуендеу және өзара қарым-қатынас орнына айналмақ. Іс-шара аясында балаларға арналған ойындар, байқаулар және анимациялық қойылымдардан тұратын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев мұндай жобалар жайлы қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыруға, тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Ол «Көкшетау Энерго» ЖШС ұжымына әлеуметтік жауапкершілігі және қала дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Қала әкімдігі өзге де кәсіпорындарды осындай игі бастамаларды қолдап, Көкшетауды абаттандыруға өз үлесін қосуға шақырады. Мемлекет, бизнес және тұрғындардың бірлескен күш-жігері арқылы ғана заманауи, жайлы әрі ашық қалалық орта қалыптасады.
«Шамшырақ» аллеясы тұрғындар үшін жарық әрі жайлы мекенге, қамқорлықтың, бірліктің және отбасыл�