29/04/2025
Кітапханада «NIS-пен бірге оқиық» желілік жобасы аясында 8-сынып оқушыларына арнап Қалима Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» туындысы бойынша «Әлемдік кафе» форматындағы әдеби-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен ерлігі жайлы тереңірек таныстыру, шығарманың идеялық мазмұнын талқылау. «Әлемдік кафе» әдісі оқушылардың еркін ой айтуына, топпен жұмыс жасауына және тың идеялармен бөлісуіне мүмкіндік берді. Әрбір үстелде Қажымұқанның өмір жолына, спорттағы жетістіктеріне, тарихи маңызына қатысты тақырыптар қозғалды.
Шара соңында оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, Қажымұқан тұлғасына деген құрметтерін білдірді. Бұл іс-шара оқушылардың тарихи тұлғаларға деген көзқарасын қалыптастырып, шығармашылық ойлау мен сыни талдау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
________________________________________________________________________________________________________
В библиотеке в рамках сетевого проекта «Читаем вместе с НИШ» для учащихся 8 класса было проведено литературно-познавательное мероприятие в формате «Мировое кафе» по произведению Калимы Абдикадыровой «Кажымукан».
Цель мероприятия — повысить интерес учащихся к казахской литературе, познакомить их с жизнью и подвигами Кажымукана Мунайтпасулы, а также обсудить идейное содержание произведения. Формат «Мирового кафе» предоставил участникам возможность свободно выражать свои мысли, работать в группах и делиться свежими идеями. На каждой «станции» обсуждались отдельные аспекты жизни великого борца: его жизненный путь, спортивные достижения и историческое значение.
В завершение мероприятия учащиеся поделились своими впечатлениями и выразили уважение к личности Кажымукана. Это занятие способствовало формированию интереса к историческим личностям, развитию творческого мышления и навыков критического анализа.