28/05/2026
⚡️ Бұқар жырау ауданының Петровка ауылы Н. Әбдіров көшесінің тұрғындары 2025 жылдың күзінде электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы және электрмен жабдықтаудағы үзілістер мәселесі бойынша жүгінді.
🔎 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментімен электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
📍 Тексеру барысында электр беру желілері мен тіректердің техникалық жағдайына байланысты бұзушылықтар анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.
🛠 Қазіргі уақытта электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ескі электр беру желілерінің тіректері жаңаларына ауыстырылды, бұл ауыл тұрғындарын электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні тұтынушыларды жаңартылған электр желілеріне қосу күтілуде.