01/06/2026
2026 жылдың 22 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі базасында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жас ақындардың облыстық мүшәйра байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Жас ұрпақтың бойында қазақ халқының тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру, «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және Қарағанды облысының талантты жас ақындарын анықтап, олардың шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету.
Байқау қатысушылары:
- Қарағанды облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (колледждердің) студенттері.
Байқауға 12 дарынды жас талант қатысты.
Мүшәйраға қатысушылар өз шығармашылығынан келесі тақырыптық бағыттар бойынша өлеңдерін ұсынды:
1. «Бабалар ізі – тарихтың өзі»
2. «Адалдық – адамдықтың айнасы»
3. «Кәсіп – бақыттың бастауы»
4. «Қасиет қонған қалам»
Әділ қазылар алқасының шешімімен үздік шығармалар иелері анықталып, жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Бас жүлде – Байсерке Аяулы, «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМҚК студенті;
І орын – Еркебұлан Халид Ғалымжанұлы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенті;
ІІ орын – Төлеутайұлы Мерғазы, Ақтоғай ауданы, «Жабас Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушысы;
ІІІ орын – Қабдрахман Айсана Ерланқызы, Қарқаралы қаласы, «Мәди Бәпиұлы атындағы №44 жалпы білім беретін тірек мектебі» КММ оқушысы;
ІІІ орын – Адамбай Анара Нұрдәулетқызы, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті.
Байқау жеңімпаздары Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының арнайы дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі атынан құнды кітаптар мен бағалы сыйлықтар сыйға тартылды.
Жас таланттарды жеңістерімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!
————————————————————
22 мая 2026 года под руководством Учебно-методического центра развития образования Карагандинской области на базе Колледжа инновационных технологий Карагандинского технического университета имени Абылкаса Сагинова состоялся областной конкурс молодых поэтов (мушайра) «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым».
Цель конкурса: формирование у молодого поколения чувства уважения к истории казахского народа, популяризация национальных ценностей в рамках реализации концепции «Адал азамат» (Честный гражданин), а также выявление талантливых молодых поэтов Карагандинской области и оказание поддержки их творческим инициативам.
Участники конкурса:
- учащиеся 9–11 классов общеобразовательных школ Карагандинской области;
- студенты организаций технического, профессионального и послесреднего образования (колледжей).
В конкурсе приняли участие 12 талантливых представителей молодого поколения.
Участники мушайры представили авторские стихотворения по следующим тематическим направлениям:
1. «Бабалар ізі – тарихтың өзі»
2. «Адалдық – адамдықтың айнасы»
3. «Кәсіп – бақыттың бастауы»
4. «Қасиет қонған қалам»
Решением конкурсной комиссии определены авторы лучших произведений. Призовые места распределились следующим образом:
Гран-при – Байсерке Аяулы, студентка КГКП «Карагандинский областной высший сестринский колледж»;
І место – Еркебұлан Халид Галымжанулы, студент КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж имени Абая Кунанбаева»;
ІІ место – Толеутайулы Мергазы, учащийся КГУ «Общеобразовательная школа имени Жабаса Кенесбаева» Актогайского района;
ІІI место – Кабдрахман Айсана Ерланкызы, учащаяся КГУ «Опорная общеобразовательная школа №44 имени Мади Бапиулы» города Каркаралинска;
ІІI место – Адамбай Анара Нурдаулеткызы, студентка КГКП «Карагандинский колледж искусств имени Таттимбета».
Победители конкурса были награждены дипломами Учебно-методического центра развития образования Карагандинской области, всем участникам вручены сертификаты за активное участие, а также ценные книги и памятные подарки от имени Колледжа инновационных технологий Карагандинского технического университета имени Абылкаса Сагинова.
Поздравляем молодых талантов с заслуженными победами и желаем им дальнейших творческих успехов!